«Тау-Асар» - балаларға Наурыз тарту!

Ұлы той қарсаңында бәйдібектіктер қуанышқа бөленді. Шаян ауылында Тау-Асар балабақшасы ашылды.Бизнес пен билік әріптестігі негізінде бой тіктеген бөбекжай 110 балаға арналған. Заманауи үлгіде салынған ғиамаратта бүлдіршіннің алаңсыз ойнап, жақсы тәрбие алуына барлық жағдай жасалған

16:49, 20 наурыз 2017   137

«Болашағын ойлаған ел ұрпақ өсіреді».  Осы ұранды ұстын еткен педагогикалық ұжым «Тау-Асарда» бүлдіршіндерді таудай етіп өсіруді мақсат етеді. Балабақшаның салтанатты ашылу рәсімінде аудан әкімі бөбекжайдың жағдайымен танысып, оң бағасын берді.  

Бибігүл Жанұзақова – «Тау-Асар» балабақшасының негізін қалаған  кәсіпкер. 2 жылға созылған ғимараттың құрылыс жұмыстары 2016 жылдың тамыз айында аяқталды. Содан бері бүлдіршіндерді тәрбиелеу ісін жеке жүргізген кәсіпкер, қараша айынан бастап, мемлекеттік тапсырыс негізінде жұмысын дамытты. Қазір мұнда 110 бала бар. Оларды күнде  бөбекжайдың арнайы көлігі тасиды.

Бәйдібек ауданында балабақша мәселесі оң шешімін тауып келеді.  Қазірдің өзінде мұнда 18 бөбекжай бар. Оның 15-і мемлекетке тиесілі болса, қалған 3-ін жеке кәсіпкер ашқан. Жалпы, аудандағы 3-6 жас аралығындағы балалардың 83%-ы балабақшамен қамтылған.

АЙЖАН Әшірхан                                                    

«Қазақстан-Шымкент» телеарнасының ресми сайты

160000, Шымкент қаласы, Қазыбек би көшесі, 20 үй Байланыс телефондары: 8 (7252) 53-62-07