ШҰҒЫЛ! «Астана» тұрғынүй кешені пайдалануға берілді Толығырақ

Батысқазақстандықтар оңтүстіктегі зауыттарды көріп, таңдай қақты

15:01, 11 тамыз 2017

Батыс Қазақстанмен әріптестік байланыс оңтүстік өнімдерінің Ресейге, батыс елдеріне экспортталуына үлкен септігін тигізеді. Біздің цемент пен трансформатор енді Орал арқылы Еуропа нарығына жол тартпақ. Ол үшін екі өңір кәсіпкерлері арнайы келісімге келді.

     Батыстан келген делегацияны «Еврокристал» серіктестігі аса қызықтырды.  Бірегей өндіріс орны  жылына 60 млн.  шыны құты шығарады.  Серіктестікке  оңтүстік облыста пара-пар келер  бәсекелес жоқ.  Сондықтан қазақстандық сұраныстың тек 20 пайызын жабуға қауқарлы. 

РУСТАМ СУХОВ – «ЕВРО-КРИСТАЛ» ЖШС-нің БАС ДИРЕКТОРЫ

  • Отандық тұтынушы сұранысын бізден бөлек, алматылықтар қанағаттандырып отыр. Ондағы кәсіпорын қажеттіліктің тек 30 пайызын қамтиды. Ал, қалған 50 пайыз өнім шетелден тасымалданады. Импорттық өнімдер біздіңкіне қарағанда қымбатырақ. Сол үшін осындай әріптестіктер арқасында өнім көлемін ұлғайтуды көздеп отырмыз.

     Табиғи газ өндіруде көш бастап тұрған батысқазақстандықтар  Шымкенттің мотор майын шығаратын  зауытына да бас сұқты.  135 адам жұмыспен қамтылған серіктестік  өнімінің 99 пайызын  ішкі нарыққа жолдауда.  Экспорт тек  бір пайызды құрайды. Сондықтан екіжақты келісім бұл өндіріс орны үшін де тиімді болмақ.

     Түстік облыс  тоқыма кластері жағынан да озып тұр.  Арнайы делегация оған  «Әлем БТ» шұлық тоқу фабрикасына келгенде көз жеткізді. Жеңіл өнеркәсіп кешені  мол жұмыс орнын  ашқанымен бүгінде қуатты.  Істің ырғағы бірқалыпты. Жалақы уақытылы беріледі. Өндірісте тоқтау жоқ. Озат кәсіпорын тәжірибесін батысқазақстандық делегация да үлгі етуге әзір.  

КЕНЖЕХАН Дүйсенбі

Тақырып бойынша материалдар

Облыс әкімі жол салушы компаниялардың жіберген қателіктеріп нұқып көрсетті
18:54, 9 тамыз 2017
Облыс әкімі жол салушы компаниялардың жіберген қателіктеріп...
Толығырақ...
Ағаш полимер композиті. Шымкенттік өнімге сұраныс артқан
12:27, 31 шілде 2017
Ағаш полимер композиті. Шымкенттік өнімге сұраныс артқан
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Оралдың жігіті Шымкенттік қызға бүйрегін  берді
17:53, 11 желтоқсан 2017
Оралдың жігіті Шымкенттік қызға бүйрегін берді
Толығырақ...
58 жаста зейнетке шығатын әйелдер тезірек  тіркелуі керек!
17:37, 15 желтоқсан 2017
58 жаста зейнетке шығатын әйелдер тезірек тіркелуі керек!
Толығырақ...
Ғабидолла Әбдірахымов Шымкентке келді
17:41, 13 желтоқсан 2017
Ғабидолла Әбдірахымов Шымкентке келді
Толығырақ...