ШҰҒЫЛ! «Астана» тұрғынүй кешені пайдалануға берілді Толығырақ

Екі өңір арасындағы байланыс беки түспек

19:15, 10 тамыз 2017

Бүгін облысымызға арнайы жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан облысынан делегация келді. Облыс әкімі бастаған жұмысшы топ алдымен осындағы әріптестерімен кездесіп, екі жақты пікір алмасты. Нәтижесінде алдағы уақытта Оңтүстік пен Батыс арасында экономикалық һәм гуманитарлық бағыттағы байланыстар бекитіні белгілі болды. Өйткені, кездесу кезінде қос тараптың алпауыт кәсіпорындары екіжақты бірнеше келісімшартқа қол қойды.

     Батыс Қазақстан жерасты қазынаға бай. Сондықтан онда өндіріс өркен жайған. Қазір еліміздегі өндірілетін газдың басым бөлігі осы өңірге тиесілі. Мұнай өндіру жағынан да алда тұр.

     Ал, Оңтүстік Қазақстан облысы шағын және орта кәсіпкерлігі өркендеп, құрылыс материалдарын көптеп шығару жағынан көш бастайды. Сонымен қатар, тоқыма кластері мен транформатор құрастыру ісі де бізде ілгері. Егер бизнес бастау үшін ниет болса, қолайлы жағдай да жасалады. Батыстық делегациямен болған кездесу кезінде осы жағы кеңінен айтылды.  

     Өңір басшылары мен кәсіпорын қожайындары қол қойған бұл құжаттар ендігі жерде қос аймақ арасындағы байланысты барынша бекітеді. Келісілген құжаттарға сәйкес, әсіресе сауда-саттық, туризм, ауыл шаруашылығы, бизнес салаларын дамытуға басымдық берілмек. Ал, әзірге оңтүстікте өндірілген трансформатор мен цемент өнімдерін алуға Батыстағы «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг» кәсіпорны қызығушылық танытып отыр.

     Жұмыс сапары соңында батысқазақстандық делегация өңірдегі бірнеше кәсіпорынды аралап, олар шығаратын өнімдермен танысты. Айтып өту керек, бұл - екі өңір арасындағы байланысты  нығайту жолындағы  алғашқы кездесу емес. Бұған дейін екі жақтың ауыл шаруашылығы саласының мамандары осы жылдың көктемінде біздің өңірде бас қосқан болатын. Енді міне, өндірістік бағыттағы байланысты берік етудің жолы қарастырылуда.

МАҚСҰТ Жарылқасын

Тақырып бойынша материалдар

Қырғыз елінің Үкімет басшысы Қазақстанмен достық қатынасты ұстап қалғысы келетінін айтты (ВИДЕО)
15:15, 19 қазан 2017
Қырғыз елінің Үкімет басшысы Қазақстанмен достық қатынасты ұ...
Толығырақ...
Оңтүстік пен иран байланысы беки түспек
15:57, 5 қазан 2017
Оңтүстік пен иран байланысы беки түспек
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Оралдың жігіті Шымкенттік қызға бүйрегін  берді
17:53, 11 желтоқсан 2017
Оралдың жігіті Шымкенттік қызға бүйрегін берді
Толығырақ...
58 жаста зейнетке шығатын әйелдер тезірек  тіркелуі керек!
17:37, 15 желтоқсан 2017
58 жаста зейнетке шығатын әйелдер тезірек тіркелуі керек!
Толығырақ...
Ғабидолла Әбдірахымов Шымкентке келді
17:41, 13 желтоқсан 2017
Ғабидолла Әбдірахымов Шымкентке келді
Толығырақ...