ШҰҒЫЛ! ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ БОЛЫП ЖАНСЕЙІТ ТҮЙМЕБАЕВ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ Толығырақ

Айбектің мақсаты шетелдіктерді мойындату

14:24, 14 қыркүйек 2017

Біздің қоғамда қандай кәсіп ашамын десең де, мүмкіндік мол. Кәмелет жасынан басқа жағдайда жас ерекшелігіне де шектеу қойылмайды. Тек ынтаңыз бен іскерлігіңіз болса, болғаны. Мұндай үдеден шығып жатқан жастар да аз емес. Солардың бірі - сарыағаштық Айбек Жаныс. Бозбала шақтан енді өткен балаң жігіт өз үйінен аяқкиім тігетін цех ашып, елге қызмет етуде.

      Айбектің мектептен кейін алған мамандығы мүлдем бөлек. Әйтсе де ол мемлекеттің беріп отырған мүмкіндігін   пайдаланып, қалайда бір ерекше  кәсіпті бастауды мақсат тұтады. Ойлана келе  аяқ киім тігуді жөн көрген. Көп ізденіп, еңбектенудің нәтижесінде жоспары жүзеге асты. Ол алдымен   жазғы жеңіл аяқ киімдер тігуді қолға алады.

Айбек Жаныс – жас кәсіпкер

  • Жаз бойы  500- дей аяқ киім тіктім. Оны саттық. Енді күзгі маусымға арнап, аяқ киімдер тігеміз. Осы жобам үшін арнайы гранд ұтып алдым. Енді ауыл жастарын да осы жұмысқа тарсам деп отырмын..

        Еңбек десе, жанып тұрған  жас кәсіпкер өзінде бар қарапайым құралдармен-ақ  жұрт қажетін өтеген.  Сапасы жақсы дүниеге сұраныс та молайды. Алайда, жабдықтар мен шикізат тапшылығы тұрғанда бұл қажеттілікті толық өтеу мүмкін болмаған. Кәсіптің    көзін тапқан Айбек қазір, сол мүмкіндіктерге жету үшін,  жаңа жабдықтар алуға талпынуда.

       Айбектің жұмыс атқаратын құрал жабдықтары өте қарапайым....   Соның өзімен –ақ, сапалы  бұйымдар жасап отыр.... Енді Айбек   ерлерге арналған мынадай туфлилер тігуді қолға алмақ......

        «Көз - қорқақ, қол - батыр». Елге де, жұртқа да өте қажет кәсіпті бастап жіберген Айбектің алдағы арманы асқақ.  Ендігі жерде ол осы кәсібін дамытып, бірнеше жұмыс орнын ашуды көздейді.                                                                                                                     

МҰХТАР  Атабек

Тақырып бойынша материалдар

65 АЗАМАТ КӘСІПКЕРЛІК ҚЫР-СЫРЫН ҮЙРЕНДІ
13:08, 14 маусым 2018
65 АЗАМАТ КӘСІПКЕРЛІК ҚЫР-СЫРЫН ҮЙРЕНДІ
Толығырақ...
ЖАС КӘСІПКЕРЛЕР БИЗНЕС ӘЛІППЕСІН ҮЙРЕНДІ
13:04, 14 маусым 2018
ЖАС КӘСІПКЕРЛЕР БИЗНЕС ӘЛІППЕСІН ҮЙРЕНДІ
Толығырақ...
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ МҮМКІНДІК, КӘСІПКЕРЛІК ӘЛЕУЕТ ТАЛДАНДЫ
13:00, 16 мамыр 2018
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ МҮМКІНДІК, КӘСІПКЕРЛІК ӘЛЕУЕТ ТАЛДАНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БҮГІН ШЫМКЕНТТЕ ТАРИХИ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ ЗОР ОҚИҒА БОЛДЫ
17:03, 14 маусым 2018
БҮГІН ШЫМКЕНТТЕ ТАРИХИ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ ЗОР ОҚИҒА БОЛДЫ
Толығырақ...
ҰЗЫНДЫҒЫНАН ТМД-ДА ТЕҢДЕСІ ЖОҚ АКВАПАРК АШЫЛДЫ
11:01, 18 маусым 2018
ҰЗЫНДЫҒЫНАН ТМД-ДА ТЕҢДЕСІ ЖОҚ АКВАПАРК АШЫЛДЫ
Толығырақ...