ШҰҒЫЛ! ИНСУЛЬТ «ЖАСАРЫП» БАРАДЫ Толығырақ

ӘЙЕЛДЕР БИЗНЕСІН ҚАРЖЫЛАНДЫРУДЫҢ ЖАҢА ТЕТІГІ

18:31, 11 шілде 2018

Қазақстандық бизнесте... қыз-келіншектердің кез-келген іске епті екені дәлелденіп отыр. Осыны ескерген жергілікті кәсіпкерлер палатасы... бұрымды бизнесмендер үшін несие алудың оңтайлы тәсілін ұсынды. Игі бастама өңір экономикасының қарқынды дамуына оң ықпал етпек. Сонымен, жеңілдетілген несие кімдерге, қандай жолмен беріледі?

«Атамекен» ҰКП-на кәсіп ашуды көздеп, қолдау сұрай келетін бұрымдылардың қатары қалың. Дегенмен, бағдарламалардың бәрі... қолжетімді деп, айту қиын. Сондықтан, бұрымдылардың кәсіпкерлікпен айналысып, өзіміздің өнімнің әлеуетін арттыру үшін жаңа жоба қолға алынып отыр.

Данияр Дәрмен – «Атамекен» ҰКП Түркістан облыстық филиалы директорының орынбасары

Бұл жерде компания 1 миллиард теңге көлемінде қаржы беріп отыр. Халық банкі арқылы беріледі. Әр кәсіпкерге 10 миллион теңгеге дейін береді. жылдық пайызы – 5 пайыз. 7 жылда құтылады. Арасында жарты жыл көлемінде арнайы рассрочка алуға мүмкіндігі бар.

Несиенің көлемі ауқымды. Тиісінше, банкке кепілдікке қоятын заттың ірі болатыны да анық. Қазір мамандар тиімді жобаға құжаттар қабылдап жатыр. Айтуларынша, тікелей «Халық банкіне» барғаннан гөрі, «Атамекен» ҰКП арқылы несие алу тиімді оңай болмақ.

Хадиша Дербесқызы – Республикалық «Фармацевтика және медицина ұйымдары қауымдастығының» Түркістан облысы бойынша кеңесінің мүшесі

Бұл мен айтар ем, өте тиімді жоба. Біз арнайы ұсыныстар білдірдік, бірақ солардың ішінен мына жобалардың қолға алынып отырғаны қуантып отыр.Өтйкені әйел бастаған іске қан жүгіреді.

Әлемдік статистикаға сүйенсек, қазір әйелдер бастаған кәсіпкерліктің дамуы қарқынды. Сондықтан, озық тәжірибе негізінде жасалған жоба біздің аймақта да тиімділігін аңғартатыны сөзсіз. Ендеше, мемлекет ұсынған жеңілдіктен құр қалмаған жөн.

П. БИНАЗАРҚЫЗЫ                        

Тақырып бойынша материалдар

ТҮРКІСТАН - КӘСІПКЕРЛІГІ ДАМЫҒАН ӨҢІР
12:29, 29 маусым 2018
ТҮРКІСТАН - КӘСІПКЕРЛІГІ ДАМЫҒАН ӨҢІР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КӨНЕ ШАҺАРДАҒЫ КӨПҚАБАТТЫ ҮЙЛЕР МАВЗОЛЕЙДІҢ БИІКТІГІНЕН АСПАЙДЫ
16:51, 16 шілде 2018
КӨНЕ ШАҺАРДАҒЫ КӨПҚАБАТТЫ ҮЙЛЕР МАВЗОЛЕЙДІҢ БИІКТІГІНЕН АСПА...
Толығырақ...
ШӨПТІҢ ҚЫМБАТТЫҒЫ ШАРУА ЖАНЫНА БАТЫП ТҰР
12:27, 17 шілде 2018
ШӨПТІҢ ҚЫМБАТТЫҒЫ ШАРУА ЖАНЫНА БАТЫП ТҰР
Толығырақ...
МАҚТАРАЛ АУДАНЫНА ЖАҢА ӘКІМ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
18:49, 18 шілде 2018
МАҚТАРАЛ АУДАНЫНА ЖАҢА ӘКІМ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Толығырақ...