ШҰҒЫЛ! Екі ірі күн электр станциясының құрылысы басталды Толығырақ

Орталық Азияда теңдесі жоқ кәсіпорын - «МК керамик»

17:35, 14 қараша 2017

Шымкенттің іргесінен құрылған индустриалды аймақ өңір экономикасының қуатты күшіне айналып келеді. Қазір мұнда металлургия, құрылысқа қажет бұйымдар шығаратын 70-тен астам кәсіпорын жұмыс істейді. Зауыттардың бірқатары - ел аумағында, тіпті, Орталық Азияда теңдесі жоқ кәсіпорындар. Соның бірі - «МК керамик». Құрылысқа қажетті керамогранит материалдарын өндіреді. Ғимараттардың едені мен қабырғасына жапсырылатын құрылыс материалына шет мемлекеттерден де тапсырыс көп.

Бүгінгі таңда зауыт толық қуатында жұмыс істеп тұр. Кәсіпорын керамика өндірісі бойынша италияндық «Barbieri&Tarozzi» деп аталатын компанияның ең озық технологиялы қондырғыларымен жабдықталған. Қазіргі таңда жоғарғы қабаты жылтыр түтікті керамогранит тақтайшаларын шығарады. Заманауи технологиялық қондырғы отандық және еуропалық шикізатты қолдану арқылы сапалы қыш тақтайшаларын өндіруге мүмкіндік береді.  Ал, өндірісте қажетті барлық шикізат өзімізден алынады.

Кәсіпорын өнімі СТ-KZ сертификатымен бекітілген және еуропалық стандартқа сай келеді. Керомагранит тақтайшалары су өткізбейді. Сондықтан, ғимараттың сыртын қаптауға жақсы.  Мықтылығы сол, өнімді халық көп жүретін үлкен сауда орталықтарына, әуежай, теміржол вокзалы сияқты мекемелердің еденіне де қолдануға болады.

Кәсіпорынның жағымды жаңалығы, кең спектрлі дизайнда жылтыр тақтайшалар шығаруға мүмкіндік алды. Тағы бір жоспары, зауыттың жуырда екінші желісі іске қосылады. Ол кезде 100 адамға тұрақты жұмыс көзі табылмақ.

ГҮЛЖАУҺАР Ахметқызы

Тақырып бойынша материалдар

ШАРДАРАЛЫҚ СТУДЕНТТЕРДІҢ БИЗНЕС-ЖОСПАРЫ КӨПШІЛІКТІ ТАҢДАНДЫРДЫ
14:59, 13 ақпан 2018
ШАРДАРАЛЫҚ СТУДЕНТТЕРДІҢ БИЗНЕС-ЖОСПАРЫ КӨПШІЛІКТІ ТАҢДАНДЫР...
Толығырақ...
Қоғамдық тамақтану орындарына тексерістер енді мүлдем жүргізілмейді
15:03, 8 ақпан 2018
Қоғамдық тамақтану орындарына тексерістер енді мүлдем жүргіз...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БЕРІК БЕКЖАНОВ  ЖАҢА ҚЫЗМЕТКЕ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
19:42, 15 ақпан 2018
БЕРІК БЕКЖАНОВ ЖАҢА ҚЫЗМЕТКЕ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Толығырақ...