ШҰҒЫЛ! «Астана» тұрғынүй кешені пайдалануға берілді Толығырақ

Шымкенттің 50 тарта кәсіпкері Германияда білімін жетілдірмек

17:38, 12 қазан 2017

Оңтүстіктің 46 кәсіпкері «Іскерлік байланыс» бағдарламасы бойынша 10 күндік оқу курсынан өтті. Енді олар жыл соңына қарай өз жобаларын мемлекеттік деңгейде қорғап бағдарламаның келесі кезеңіне өтеді. Содан кейін шетелдік әріптестерімен тәжірибе алмасу мүмкіндігіне ие болмақ.

      «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында жүргізілген  бұл оқу курстары 2 кезеңнен тұрады. Алғашқысында кәсіпкерлер біліктілігін арттырады. Маркетинг саласында шыңдалады. Аталмыш бағдарламаға 46 үміткер қатысуға ниет білдірген.

ДӘРМЕН ДАНИЯР – ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ

  • Қазақстанның кәсіпкерлері шет мемлекеттің яғни, дамыған мемлекеттің европа мемлекеттеріне тәжірибе алмасуға жіберілетін бағдарлама. Атап айтатын болсақ 2 кезеңнен тұрады. 1-ші кезең бүгінгі таңда бітіп отыр. Біздің 46 кәсіпкерлер ниет білдірген, сол 46 кәсіпкеріміз оқуды бітіріп бірінші кезеңнен өтті, және тиесілі сертификаттарын алды.

      Енді кәсіпкерлер Астана қаласында шетелдік және отандық бизнес-тренерлермен кездеспек. Онда олар өз кәсіпорнының бизнес-жоспарын әзірлейді. Жобалар Германияда өтетін бағдарламаның екінші кезеңіне жолданады.  

ДӘРМЕН ДАНИЯР – ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ

  • Сөйтіп, бизнес жобасын қорғауы керек. Ол, Астана қаласында өтеді. Және ол жерде Ұлттық экономика министрлігінің, Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және Германия мемлекетінің кәсіпкерлері, мамандары болдаы. Сол коммиссиядан қорғап шыққандар Германия мемлекетіне тәжірибе алмасуға жолдама алады.   

НАРГИЗА АЗИЗОВА –  КӘСІПКЕР

  • (Аударма) Мен бүгін сертификат алдым. Осы бағдарлама арқылы мемлекеттің кәсіпкерлерді қалай қолдап отырғанын сезіндім. Қаржылай қолдаудан, маральдік қолдау артыққой. Біз өз кәсібізді дамытуға, қажетті білімді, әдісті үйрендік. Бұл оқу курстарына Қазақстанның ең білікті мамандары шақыртылған. Енді біз расында да бизнес айқасқа дайынбыз. Жоспарларымызда, жаңа жобаларымызда бар..

        Айтып өту керек, мұндай тренингтер бұған дейін Алматы, Астана қалаларында республикалық деңгейде өткен болатын. Енді Халықаралық дәрежеде ұйымдастыру мүмкіндігіне қол жетті. Мұның барлығы елдегі кәсіпкерлікті қолдау жұмыстарының нәтижелі  жүзеге асып жатқанын көрсетсе керек.

НҰРСҰЛТАН Әбдірашит

Тақырып бойынша материалдар

Кондитерлік зауыт жаңа желіні іске қосты
22:20, 15 желтоқсан 2017
Кондитерлік зауыт жаңа желіні іске қосты
Толығырақ...
Өңірімізде ірі жобалар жүзеге асуда
15:43, 14 желтоқсан 2017
Өңірімізде ірі жобалар жүзеге асуда
Толығырақ...
Кәсіпорын бұлақ суын кәдеге жаратады
15:39, 13 желтоқсан 2017
Кәсіпорын бұлақ суын кәдеге жаратады
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Оралдың жігіті Шымкенттік қызға бүйрегін  берді
17:53, 11 желтоқсан 2017
Оралдың жігіті Шымкенттік қызға бүйрегін берді
Толығырақ...
58 жаста зейнетке шығатын әйелдер тезірек  тіркелуі керек!
17:37, 15 желтоқсан 2017
58 жаста зейнетке шығатын әйелдер тезірек тіркелуі керек!
Толығырақ...
Ғабидолла Әбдірахымов Шымкентке келді
17:41, 13 желтоқсан 2017
Ғабидолла Әбдірахымов Шымкентке келді
Толығырақ...