Қарабұлақ елдімекеніне табиғи газ берілді

Сайрам ауданындағы Қарабұлақ ауылы - облысымыздағы ең үлкен ауыл. Мұнда бүгінде 43 мыңнан астам тұрғын бар. Бұл көрсеткіш кейбір қаланың халқынан көп. Жаңа жылдың алғашқы күндерін Қарабұлақ жұрты жағымды жаңалықпен қарсы алды. Бүгін Осы ауылдың тұрғындарына табиғи газ берілді.

10:37, 11 қаңтар 2017   223

Қарабұлақ елді мекенін табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында  әзірленген сметалық құжаттары бойынша, 2 млрд теңгеден астам қаржы қаралған. Газ құбырын тарту жұмысы 2013 жылы басталып, құрылысты  «ГХ Шымкентгаз» ЖШС жүргізген.  Жобаға сәйкес  315 шақырым газ құбыры тартылып, 7438 абонент табиғи газға қосылды. Газды қолданысқа беру рәсіміне қатысқан облыс әкімі Жансейіт  Түймебаев  2020 жылы  Сайрам ауданы табиғи газбен 100% қамтылатын болады,- деді. Бүгінде  Сайрам ауданында  203 622 тұрғын бар.  Бүгінге дейін аудандағы 42 елді мекенде  19 елді мекеніне газ берілген. Бұл 77,93% ды құрайды. Енді алдағы  3 жылда қалған 23 елдімекенге көгілдір отын тартылады деп күтілуде. 

Нұрмахан Кенжехан                                      

«Қазақстан-Шымкент» телеарнасының ресми сайты

160000, Шымкент қаласы, Қазыбек би көшесі, 20 үй Байланыс телефондары: 8 (7252) 53-62-07