Кентауға қарасты ауылдар да жылумен қамтамасыз етіле бастады

Қыстың көзі қырауда кентаулықтар жылы үйде жайлы өмір кешіп жатыр. Тіпті, қалаға қарасты ауылдар да орталық жылуға қосыла бастаған. Мәселен, Хантағы ауылының біраз тұрғыны, бүгінде көмір тасып, от жағу азабынан құтылған. Толығырақ тілші әңгімесінде..

10:40, 11 қаңтар 2017   259

Қаратау тәжі саналатын Кентау қаласы толығымен орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған. Салынғанына 80 жыл жуықтаған ескі қазандықтар қаланы аяздан құтұқаруға жарап тұр. Тұрғындар суық күнде жылынатын жер барына қуанады. Жылу орталығының басшысы «халықтың қыстан қысылмай шығуына жетерлік қор бар», - дейді.

Биылғы жылыту маусымынан бастап, қалаға қарасты Хантағы ауылы да орталық жылу жүйесіне 100 пайыз қосылды. Қазір жергілікті емхана, әкімшілік ғимараттар, екі бірдей мектеп орталықтан жылытылуда. Ауыл тұрғындары бұған айрықша қуанса, қалалықтар «біздің жылу температурамыз төмендеп кетпей ме?», деп алаңдайды. Дегенмен, мұндай уайымға негіз жоқ. Себебі, қазандықтың қалаға қарасты барша халықты жылытуға  күші жетеді. 

Қолайлы жағдай – қоғамнан. Орталықтың жасап жатқан жұмысы – халық игілігіне. Кентаудың 5-ші жылу орталығы алдағы уақытта қалаға қарасты барлық ауылдарды кезең-кезеңімен жылу жүйесіне қоспақ.


Айжан Әшірхан    

 

«Қазақстан-Шымкент» телеарнасының ресми сайты

160000, Шымкент қаласы, Қазыбек би көшесі, 20 үй Байланыс телефондары: 8 (7252) 53-62-07