Мәуліт мейрамы тойланды

Облыс кітапханашылары Мәуліт мейрамын атап өтті. Дін өкілдерімен дөңгелек үстел басына жиналып, отбасыдағы бірқатар мәселелерді ортаға салды. Пайғамбарымыз Мұхаммед алейһиссаламды еске алып, оның өнегелі өмірін үлгі етті.

10:58, 11 қаңтар 2017   128

Мәуліт сөзінің түп төркіні «туған күн» деген мағынада жатыр.  Сүйікті Пайғамбарымыз осы түні сахабаларға тағам ұсынып, бала кезінде болған оқиғаларды әңгіме ететін. Сол ізгі дәстүр бүгін де дағдыға айналған. Бұл күні бас қосқандар барынша адамзаттың асылы болған Пайғамбарымызға салауат айтып, ізгі амалдар жасауға ұмтылады.

Данабек Әліпбайұлы – А. Қаттани атындағы орталық мешіттің наиб имамы

Пайғамбарымыз  не істейтін еді? Дүйсенбі, бейсенбі күндері ораза ұстайтын. Неге?, - деп сұрағанда, «дүйсенбі - өз туылған күнім, ал, бейсенбі -жақсы амалдар Алланың алдына көтеріледі», - деген.

Алдымен, көпшілікті ізгілікке үйрететін деректі фильм көрсетілді. Мұнда отбасының құндылығы мен адамның асыл қасиеттері айтылды. Әйел-ананың қоғамдағы рөлі де екшеленді. Шаңырақты шайқалтпай, ұлтты ұйыту-алдымен, ақжаулылықтылардың абыройлы ісі. Ер азамат алдындағы парызын пайымдау - әр нәзік жанның жадында болуы тиіс. Сонда ғана отбасыдағы бірліктің базары тарқамақ емес. Жиналғандар осындай байлам жасады.

Күлия Айдарбекова - «Отырар» ғылыми-әмбебап кітапханасының  директоры 

біздің пайғамбарымыз игі бастамаларды өзі істеген. Бүгінгі актуальді тақырып..,

Пайғамбарымыз Мұхаммед алейһиссаламнан «Ең сараң кім?» деп сұрағанда, менің атым аталғанда салауат айтпаған адам деген екен. Пайғамбарды еске түсіру де ғибадат болып саналады. Сондықтан, салауат айтып жүруді жадыңызда сақтағайсыз.

Гүлмира Оңласбек                                                     

«Қазақстан-Шымкент» телеарнасының ресми сайты

160000, Шымкент қаласы, Қазыбек би көшесі, 20 үй Байланыс телефондары: 8 (7252) 53-62-07