Шырынды жасыл жем. Заманауи құрылғы жыл 12 ай дән өндіреді

Армандайды көк тоқты, қыстың күні көк шөпті,- деген қазақ мақалы теріске шыға бастағандай. Жаңа технологиялардың арқасында көк тоқтыға жыл 12 ай шырынды көк жем беріп, бағуға болады. Жаңа технологиялар заманы осы мүмкіндіктерге қол жеткізіп отыр. «Қазагрогрин» серіктестігі шетелдегі тәжірибені елімізге ендіріп, шағын ғана ғимаратта қысы-жазы малға шырынды жасыл жем дайындауда.

16:23, 13 қазан 2016   957

Бұл технология Голландияда кеңінен қолданысқа енгізілген. Дәнді дақылдардың барлығынан осындай жасыл шөп өсіріп шығаруға болады. Ол үшін 1 келі дән жібітіліп, арнайы табақшаға салынады. Сөйтіп, су бүркігіші мен ультракүлгін, инфрақызыл сәулелері бар арнайы камераға 7 тәулікке қоясыз. Осындай арпа дәнінен өскіндер өніп шығады. Дәні тамыр жайып, табақшадағы 1 келі арпаның салмағы 7 келіге дейін ұлғаяды. Үнемі су бүркіп тұрған соң өскіндер мал үшін шырынды азық болады. 

Бақытжан Көпбаев, «ҚАЗАГРОГРИН» ЖШС-нің бас директоры

Мұның құрамында АВСД Д3  және К витамині бар. Осы гидропоникамен жемделіп отырған малымыз бар. 2 жылда бірде-бір рет ауырған емес. Ал, жайлауда жүрген малды қайта-қайта шаншып жатады. Осында дайындалған жасыл жем 80 пайыз даладан келген ауруды жояды. Сонымен қатар, ауру малды емдеуге септігін тигізеді.

Автоматтандырылған мына құрылғы тәулігіне 2 тонна жасыл жем дайындайды. Тек ыдыстарға жем салып отырсаңыз болғаны. «Қазагрогрин» серіктестігі осындай жем дайындау жабдықтарын таратушы болып табылады. Бұл құралдарды лизингпен несиеге де алуға болады.   

Бақытжан Көпбаев, «ҚАЗАГРОГРИН» ЖШС-нің бас директоры

жемдік бірлік кормовая единица есептейтін болсақ ол 11 жемдік бірлік.  Біздің мына шөпте 1 кг-нде 0,6 бірлік бар. Біз неге 20 кг 1 сиырға деп отырмыз. Яғни 1 сиырдың 1 тәулікте жейтін жемі. Бұл 94 пайызға дейін қорытылады. Қалған жемдер 40  пайыз сіңеді.

Мұндай жеммен қоректенген сиыр сүтінің майлылығы 4,4 пайыз болады. Жылқылар 40 күнде ет алса, тоқтылар денесіне май емес, балғын ет жинайды дейді,- серіктестік қызметкерлері.

Нұрмахан КЕНЖЕХАН

«Қазақстан-Шымкент» телеарнасының ресми сайты

160000, Шымкент қаласы, Қазыбек би көшесі, 20 үй Байланыс телефондары: 8 (7252) 53-62-07