Вип-нөмірден 5 айда 30 млн. теңге түскен

5 айда - 30 млн. теңге. Көлігіне айрықша мемлекеттік тіркеу нөмірін таққандар облыстық бюджетке осыншама қаржыны құйған. Елден ерек болып, көрінгісі келетін талғампаздар вип-нөмірлерді жаңа Халыққа қызмет көрсету орталығынан алған. Ұлт жоспарына сәйкес, «Азаматтық Үкімет» жобасын іске асырушылар: «Біздің орталық жылына 60 млн. теңгеге жуық табыс түсіруге қауқарлы», - дейді. Тақырыпты тілші тарқатады.

10:48, 11 қаңтар 2017   317

Көлігіне бірыңғай санды, көркем нөмір салу - көп жүргізушінің арманы. Талғампаздардың пікірінше, ерекше белгі көлік иесінің дәрежесі мен беделін айқындап тұрады. Әр санның өзіндік сыры бар. Мысалы, 1 билікті білдірсе, 2 сәттілікке бастайды. 3 өміршеңдіктің нышаны.

Мамандандырылған «Халыққа қызмет көрсету орталығында» тұтынушыларға кез-келген ерекше нөмірді таңдауға мүмкіндік бар. 310 мың теңгеге 3 саны бірдейін таңдап аласыз. Ең таңдаулысы 500 мың теңге төңірегінде. Орталыққа келіп, ойында жүрген саны бойынша мемлекеттік тіркеу нөмірін алған жанның бірі - Толғанай Молдахметова.

Бұл орталық былтыр тамыз айында ел игілігіне берілді. Күніне 600 –ге жуық азаматқа бір терезе қағидасы бойынша қызмет көрсетеді.

Айтқандай, жүргізуші куәлігін алушылар медициналық құжаттарды осы жерден ала алады. Психолог, нарколог, көз дәрігерлері тексеруден өткізіп, рұқсат қағазды береді. Денсаулық сақтау министрлігінің 2014-ші жылғы 350-ші бұйрығына сәйкес тексеру жүргізіледі. 

Мамандандырылған орталықта құжат рәсімдеу тұтынушыға тиімді. Бір терезе қағидасы уақытты өнемдеп, сыбайлас жемқорлықтың алдын алады. Азаматтық Үкімет елге арналған.

Кенжехан Дүйсенбі

«Қазақстан-Шымкент» телеарнасының ресми сайты

160000, Шымкент қаласы, Қазыбек би көшесі, 20 үй Байланыс телефондары: 8 (7252) 53-62-07