Жанбота Алдабергенова: «басты қарсыластарымыз - Қытай, Ресей және Беларусь елдерінен»

Алматы қаласында өтетін бүкіләлемдік 28-ші қысқы универсиадаға санаулы күндер қалды. Әлемнің ең мықты жас спортшыларын бір тұғырға жинайтын додаға біздің түстіктен 5 жерлесіміз қатысады.

11:04, 11 қаңтар 2017   65

Осы орайда жерлесіміз Жанбота Алдабергенованың сенімді ақпарат көздеріне берген сұхбатына сүйенсек, біздің ең басты қарсыластарымыз қытайлықтар мен ресейліктер, сондай-ақ, беларусьтіктер болуы ықтимал екен.  Айтып өту керек, Жанбота - универсиада ойындарында Қазақстан құрамасының фристайл акроботикадан көшбасшысы. Байрақты бәсекеге қызу дайындалып жатқан ол елдің басты қарсыластарын атай отырып, отандастарымыздың ыстық қолдауы мен тілегі жеңіске жету мүмкіндігін арттыра түсетінін айтады. Қазіргі таңда біздің бестік АҚШ-тағы әлем кубогында бақтарын сынауда. Еске сала кетейік,  29-шы қаңтар мен 8-ші ақпан аралығында өтетін осы сайысқа 55 елден 2000 спортшы қатысады. Оларға әрі қатысушылар мен туристерге қызмет көрсету үшін 3000 ерікті жұмылдырылады. 30 000-нан астам шетелдік қонақ келеді. Жарысты теледидар арқылы 80 елден 1 млрд халық тамашалайды деп күтілуде. Спорттың 12 түрінен 8 нысанда жарыс ұйымдастырылады. Алматы универсиадасы тарихтың ең ауқымды шарасы болмақ.

Нұрсұлтан Әбдірашит                                                    

«Қазақстан-Шымкент» телеарнасының ресми сайты

160000, Шымкент қаласы, Қазыбек би көшесі, 20 үй Байланыс телефондары: 8 (7252) 53-62-07