Жарылыс жан жарасын қалдырды

Демалыс күндері Шымкенттегі қосқабатты тұрғынүйде болған жарылыс ешкімнің жадынан шыға қоймас. Кісі үйіндегі 21 күндік тіршілік 30-ға әлі толмаған жас ананың тағдыр талқанын тауысты. Әлеуметтік желі мен телеарналарда пайда болған көңіл босататын көрініс арна тілшілерін де бейжай қалдырмады. Бесіктен белі шықпай жатып, жетім қалған бүлдіршінді іздедік. Сол жолмен Аружанды құтқаруға ат салысқан топпен жүздестік. Сол бейнематериалға назар аударсақ.

10:53, 11 қаңтар 2017   126

Гүлмира Оңласбек-тілші

Бүгінгінің қаһармандары қайта жолға шықты. Алда не күтіп тұрғаны белгісіз. Белгілісі, олар тағы да адам өмірін арашалап қалмақшы. Бұл кісілерге алғыс арнауға болады. Өйткені, олар сенбінің жексенбіге қараған түнінде сәбиді ажал тырнағынан аман алып қалды.

Бейнекөрініс бейжай қалдырмайды. Ең алғаш болып, оқиға куәгері Самат Баянбаев жариялаған.

Әлеуметтік желінің жүйріктігі сол, бүгінгінің өзінде 2000-дай азамат көрген.  30-дан астамы ет-жүректі елжірететін пікір қалдырған.

«Бесіктің қасиет-киесі, иесі қаққан» дегенмен қазақтың бүкіл салт-дәстүр, өмір тіршілігін зерттеуге арнаған ғалым, этнолог Аюбай Құралов та келіседі.

Аюбай Құралов-этнолог, ғалым

Бесік көшпелі өмірге бейімделген. Оның шын мәнінде қасиеттері бар. Бесікте жатқан бала таза болады. Денсаулығы жақсы болады. Бесік, бұл баланы өсіргенге арналған жабдық.

Бұл – жайшылықта бесіктен безетін келіндерге де нанымды көрініс болғандай. Өйткені, құлаған үйінді бесіктің белағашына түсіп, баланың аман қалуына сеп болған. Мұны жедел жәрдем қызметінің дәрігерлері де растайды.

Тахир Османов-фельдшер

жас баланың дауысын есіттік. Содан біз жас баланы құтқаруға тырыстық. Көршілер көп қызмет етті. Бесікте жатқан бала аман. Кішкене бет жарақатын алған.

Қайғыны бөліссең, азаяды. Жарылыстан зардап шеккен отбасыларға қазір жан-жақтан көмек көбеюде. Облыстағы мемлекеттік қызметкерлер жабыққан жандардың есепшотына бір күндік жалақысын аудармақ.

Гүлсанат Оңласбек                                                     

«Қазақстан-Шымкент» телеарнасының ресми сайты

160000, Шымкент қаласы, Қазыбек би көшесі, 20 үй Байланыс телефондары: 8 (7252) 53-62-07