«Жұмыспен қамту-2020». бағдарлама жұмыссыздықты жойып, қылмысты азайтты

Елдегі жұмыссыздықты төмендету мақсатында қолға алынған «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасынан нәтиже көп. Жобаға қатысушылардың қатары күн санап артып, әлеуметтің еңбек нарығындағы белсенділігі жоғарылаған. Жоба аясында құқық қорғау саласында еңбек етіп, қоғамдық тәртіпті нығайтуға күш салып жүргендерге биыл қандай мүмкіндіктер қарастырылған?

10:44, 11 қаңтар 2017   175

«Жұмыспен қамту-2020». Таңдаулы жоба биыл екі бағытта өрбімек. Бірі - «Жастар практикасы». Бұған биыл біршама өзгерістер енген. Берілетін жалақы өсті. Ал, «Қоғамдық жұмыс» жобасы азаматтың жасы мен біліміне қарамайды. Тек зейнеткерлік жасына жетпеген болса, болғаны. Бұл бағдарлама шарапатын түрмеде жазасын өтеп шыққандар да көре алады.

Прокурорлар арнайы қатысқан жиында облыс көлемінде құқықбұзушылықтың азаюына «Сақшы сарбаздардың» көмегі көп тигені айтылды. Сондықтан да құзырлы орган өкілдері биыл бұл бағдарламаға ерікті тәртіп сақшыларын көптеп тартуды көздейді. 

Құқыққорғау саласына қосымша жұмыс күшін тарту – саланың жұмысын жақсартып қана қоймай, бағдарлама қатысушыларын тұрақты жұмыспен қамтуға септігін тигізеді. 

Айжан Әшірхан                                               

«Қазақстан-Шымкент» телеарнасының ресми сайты

160000, Шымкент қаласы, Қазыбек би көшесі, 20 үй Байланыс телефондары: 8 (7252) 53-62-07