ШҰҒЫЛ! ЖОЛ МӘСЕЛЕСІ ӨЗЕКТІ Толығырақ

1 МЛН 200 МЫҢ ТУРИСТ КЕЛГЕН

17:57, 3 қаңтар 2019

Түбі бір түркі жұртының ортақ отаны саналатын Түркістанға 2018 жылы 1 млн 200 мың турист табан тіреген. Олардан түскен табыс 1 млрд теңгенің төңірегінде. Бұл алдыңғы жылдың жалпы қорытындысымен салыстырғанда 30 пайызға артық.

Осы саланы зерттеп жүрген мамандар соңғы уақытта көне шаһарға шекара асып келушілердің де қарасы қалыңдағанын алға тартып отыр. Олардың айтуынша соңғы алты жылдың ішінде Түркістанға келетін шетелдіктердің саны 6 есеге дейін өскен. Мәселен, 2012-жылдары қалаға шеттен 50-60 мыңның шамасында ғана шеттен турист келетін болса бүгінде ол көрсеткіш 300 мыңнан асып жығылады. Бұл көрсеткіш алдағы уақытта әлі де арта түседі деген жоспар бар. Өйткені, Түркі халықтарының рухани астанасы саналатын шаһар өткен жылы өзінің тарихи тұғырына қайта қонып, жаңа мәртебеге ие болды. Бүгінде бұл өзгеріс тек Түркістан топырағына табаны тиген тұрғындардың ғана емес түбі бір түркі баласына ортақ қуаныш болып отыр. Сонымен қатар соңғы уақытта қалада туристерді көптеп тарту үшін тындырымды істер атқарылуда. Осы жұмыстардың барлығы алдағы жылдары қалаға келетін қонақтардың қатарын арттырады деп күтілуде.

 

Жасұлан Төлеубеков - Түркістан облыстық туризм және сыртқы байланыс басқармасы басшысының орынбасары

М. ЖАРЫЛҚАСЫН

 

 

Тақырып бойынша материалдар

БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ МӘСЕЛЕЛЕР КӨТЕРІЛДІ
20:38, 21 қазан 2019
БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ МӘСЕЛЕЛЕР КӨТЕРІЛДІ
Толығырақ...
ТҮРКІСТАН КӨГІЛДІР ОТЫНМЕН ТОЛЫҚ ҚАМТЫЛАДЫ
17:56, 21 қазан 2019
ТҮРКІСТАН КӨГІЛДІР ОТЫНМЕН ТОЛЫҚ ҚАМТЫЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТҰРАНДАҒЫ ӘДИЯҒА  ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ЖҮРДІ
18:09, 16 қазан 2019
ТҰРАНДАҒЫ ӘДИЯҒА ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ЖҮРДІ
Толығырақ...
ЕСІРКЕП БАТЫРДЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ТУРНИР
18:27, 15 қазан 2019
ЕСІРКЕП БАТЫРДЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ТУРНИР
Толығырақ...