ШҰҒЫЛ! ӨЖЖ АППАРАТТАРЫ ШЫМКЕНТТЕ ЖАСАЛАДЫ Толығырақ

1-СЕКТОР: ЖҰМЫСТАР АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН

12:28, 7 тамыз 2019

Арыс қаласындағы нысандары қалпына келтіру жұмыстары бітуге жақын. Қолда бар мәліметке сүйенсек, бүгінгі таңда жеке сектордағы үйлердің 90-95 пайызы қайта жөндеуден өтіп үлгерген.

Қазір тұруға жарамай қалған үйлерді қайта салу жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Ол жұмыстарда осы айдың соңына дейін аяқталады деп күтілуде. Жарамай қалған баспаналарды қалпына келтіру ісі әсіресе Атырау облысы мен Жетісай ауданына қарасты 1-секторда қарқынды. Көктем шағын ауданындағы 1-секторда 466 үй бар. Олардың 56-ы тұруға қауіпті деп танылған. Қалғанында қазір тұрғындар өмір сүріп жатыр. Жарылыс кезінде зақым келген жерлерін Жетісайлық әкімдік пен Атырау облысының билігі жөндеуден өткізуде. Ол істің бүгінде 95 пайызы аяқталған. Қазір жауаптылар қайта салынып жатқан баспаларды тездетіп бітіруге тырысуда.

 Мақсат Жолдасбеков – Жетісай ауданы әкімінің орынбасары

  Сносқа кеткен үйлердің 56-да құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Олардың 5-нің шифры жабылып қойса қалғанында өздеріңіз көргендей дуалдары қаланып бітейін деп жатыр. Енді алдымызда аз ғана уақытымыз бар осы айдың соңына дейін осы үйлердің құрылысын түгелдей бітіріп, тұрғындардың игілігіне тапсыру көзделіп отыр.  

М. Жарылқасын                                                                                

 

Тақырып бойынша материалдар

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Qazaqstan» телеарнасына сұхбат берді
19:36, 27 қараша 2020
ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Qazaqstan...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар