ШҰҒЫЛ! ЖОЛ МӘСЕЛЕСІ ӨЗЕКТІ Толығырақ

10 ҚЫЗМЕТКЕРДІҢ ТӘРТІПТІК ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ҚАРАЛДЫ

12:03, 3 қыркүйек 2019

Мемлекеттік қызметкерлер арасында әлі де болса әдеп нормаларын аяқ-асты етіп, қолынан келгенде қонышынан басатындар азаймай отыр. Оған дәлел облыстық әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысында 10 бірдей мемлекеттік қызметкердің мәселесі қаралды. Олардың ішінде аудан әкімімен әкім орынбасары және түрлі бөлім басшылары бар.

Бұл кеңесте  алдымен алдына келген азаматқа сыпайылық танытпаған облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Ерлан Құрбанқожаевтің мәселесін қарады. Баяндамашының айтуынша, Ерлан қызмет орнында орынсыз әрекет еткен. Онысын бүгінде мойындады. Сөйтіп кеңес мүшелері оған «сөгіс», түріндегі тәртіптік жаза қолдану туралы шешім шығарды.

Мұнан соң талқылау тақтасына Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Тәжібек Мұсаевтың мәселесі ілінді. Айыптаушы тараптың айтуынша ол өз құзіретіне кірмейтін құжатқа қол қойған. Сонымен қатар кейбір арыздарды мерзіміне сай тиісті орындарға жолдамаған.

Нұрлан Амандық - мемлекеттік бақылау басқармасының бас маманы

Бұл ретте Мұсаевтың тарапынан әкімшілік рәсімдеу туралы заңның 12-бабына сәйкес лауазымды тұлға өзінің құзіретіне жатпайтын мәселелер бойынша түскен мәселелерді құзыретті орындарға өтініш иесіне ескерте отырып жолдауы керек. Ол талап сақталмаған.

  Ол талаптың сақталмағанын Мұсаев та мойындап отыр.

 Тәжібек Мұсаев – Түркістан қаласы әкімінің орынбасары

Ол жерде комитетке біздің құзіретке кірмейтіні туралы хаттың жолданбағаны рас. Оны растаймыз. Қазір жер қатынастары бөлімінің басшысы жұмыстан босатылды. Сектор меңгерушісі босатылды. Одан бөлек тағы бір маман босатылды. Бұған ғана емес өзгеде кемшіліктер болған.

Кемшіліктің кеткенін айтып үш бірдей қызметкердің жұмыстан босатылғанын баяндағанымен әкім орынбасары жазасыз қалмады. Өз міндетін мінсіз орындамай тұрып өзге құжатқа қол қойғаны үшін кеңес мүшелері оған ескерту түріндегі шара қолдануға шешім шығарды.

 Болат Ысқақов  - Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы

 Мынау Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Тәжібек Мұсаевқа әдеп кодексін бұзғаны үшін ескерту түріндегі тәртіптік шара қолдану туралы дауысқа қоямын.   

Кезекті кеңес отырысы кезінде аталған екі қызметкерден бөлек тағы төрт мемлекеттік қызметкерге қатысты шешім шығарылды. Оның біреуінде бөлім басшысы қызметінен төмендесе, екі лауазым иесі қатаң сөгіс алды. Одан бөлек, қызметінде сыбайластықтың алдын алуда белсенділік танытпағаны үшін Ордабасы ауданы әкімінің орынбасарына ескерту берілді.

М. Жарылқасын       

Тақырып бойынша материалдар

ШЫМКЕНТТЕ 70-КЕ ЖУЫҚ ҰЛТ ЗИЯЛЫЛАРЫНЫҢ ҚАНАТТЫ СӨЗДЕРІ ЖАЗЫЛҒАН БИЛБОРДТАР ІЛІНДІ
13:53, 13 қазан 2019
ШЫМКЕНТТЕ 70-КЕ ЖУЫҚ ҰЛТ ЗИЯЛЫЛАРЫНЫҢ ҚАНАТТЫ СӨЗДЕРІ ЖАЗЫЛҒ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар