ШҰҒЫЛ! ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ ҚҰРЫЛЫСТАҒЫ САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫН ТЕКСЕРДІ Толығырақ

100 ОТБАСЫҒА АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАРАТТЫ

17:56, 7 маусым 2019

Қайыр еткеннің сауабы – Алладан! Ел ішінде жомарт жандар көп. Солардың бірі – «ТмТ GROUP» қайырымдылық қоры. Қор ұжымы жыл сайын әлеуеті әлжуаздарға көмек қолын созып, суапты іске ұйытқы болып жүр. Биыл да жылдағы дәстүрінен жаңылмай, Жетісай жұртына 1 айға жетерлік азық-түлік таратты.

Қайырымдылық - адами құндылық. Биыл бесінші жыл қатарынан сауапты іске мұрындық болған Медет Тайманов Жетісай қаласындағы 100 -ден астам отбасыны қуантты. Жақсылыққа жаны құмар кәсіпкердің дәстүрлі шарасына қала әкімі мен ауданның бас имамы  арнайы келіп қатысты.

Бекзат СЫЗДЫҚОВ - Жетісай ауданының бас имамы

 «Кең болсаң, кем болмайсың» Жас та болса, бас бола білген жомарт жан аудан халқына  қалтқысыз қызмет етіп жүрген азаматтардың бірі.  Ал, бүгінгі шараға кәсіпкер 50 отбасының тізімін аудандық «Нұғман» мешітінен алды. Қалған қамкөңіл жандардың тізімін аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі беріпті.

Медет ТАЙМАНОВ – кәсіпкер

Қасиетті рамазан айының айт мерекесінде жақсы іске бастамашы болған азаматқа елдің айтар алғысы шексіз. 100 отбасыға қуаныш сыйлаған кәсіпкердің бұл ісі өзгелерге үлгі боларлық.

Г: Қалмырзақызы                               

 

Тақырып бойынша материалдар

КҮДІКТІЛЕР КОРОНАВИРУСТЫ АНЫҚТАЙТЫН СЫНАМА ТЕСТТЕН ӨТТІ
09:53, 4 сәуір 2020
КҮДІКТІЛЕР КОРОНАВИРУСТЫ АНЫҚТАЙТЫН СЫНАМА ТЕСТТЕН ӨТТІ
Толығырақ...
ШЫМКЕНТТІК ПОЛИЦЕЙ ЖҮКТІ ӘЙЕЛГЕ ЖӘРДЕМ БЕРДІ
18:54, 3 сәуір 2020
ШЫМКЕНТТІК ПОЛИЦЕЙ ЖҮКТІ ӘЙЕЛГЕ ЖӘРДЕМ БЕРДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 4 СӘУІР КҮНІ ШЫМКЕНТТЕ САҒАТ 21:00-ДЕ КАРАНТИН ЖАРИЯЛАНАДЫ
09:55, 3 сәуір 2020
4 СӘУІР КҮНІ ШЫМКЕНТТЕ САҒАТ 21:00-ДЕ КАРАНТИН ЖАРИЯЛАНАДЫ
Толығырақ...
51 ЖАСАР ШЫМКЕНТТІКТЕН  COVID-19 БЕЛГІСІ АНЫҚТАЛДЫ
17:16, 1 сәуір 2020
51 ЖАСАР ШЫМКЕНТТІКТЕН COVID-19 БЕЛГІСІ АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...