ШҰҒЫЛ! ҚҰРБАН АЙТ НАМАЗЫ ОҚЫЛМАЙДЫ Толығырақ

1000 ЛИТР ҚЫМЫЗ ТАРАТТЫ

19:05, 30 шілде 2020

Төлеби - өзінің бал қымызымен елімізге танылған аудан. Осы аймақтағы Қоғалы ауылының тұрғындары індет жұқтырып, ем алушы науқастар үшін 1000 литрге жуық қымыз таратты. Бұл көмек тек қана Төлеби ауданымен шектеліп қалмайды. Сондай-ақ Сайрам, Шымкент қаласының ауруханасындағы ем алушыларғада таратылмақ. Толығырақ тілші бейнематериалында.

Диханкөл ауылында 304 үй бар, олардың 80%  бие байлайды.   Ал қымыз өндірумен ірі көлемде айналысатын  6-7 кәсіпкер бар. Соның бірі Әбдіжаппар Мылтықбаев. Оның бұл кәсіппен айналысып жатқанына 5 жыл. Қазіргі таңда кәсіпкерде 50 бас бие бар. 8 адамды жұмыспен қамтып отыр. Күніне 150-170 литр қымыз өндіріліп, литрі 500 теңгеден сатылады.      Өз сөзінде өткен жылға қарағанда биыл сұраныс көп дейді.  
Әбдіжаппар Мылтықбаев- Жеке кәсіпкер
Қымыз – қазақтың қасиетті сусындарының бірі.  Оның   денсаулыққа мың да бір ем екендігін бүгінде бүкіл әлем мойындап отыр. Алайда,  көпшілігіміз шипалы бұл сусын   тек жаз мезгілдерінде ғана  көптеп  өндіріледі деп ұғынамыз.   Бірақ, бұл қате пікір. Әйтсе де  ел арасында қымызды қыс ауасында да өндіретін жандар бар екен.
 Мейіржан Ергешұлы- Төлеби ауданының тұрғыны
Мамандар қымыздың иммунитетті көтеретінін, сондықтан әлемді дүрліктіріп жатқан короновирусқа қарсы  емнің  бірі осы қазақтың ұлттық сусыны екенін айтуда. Саумалдың өз қасиеті, ашып үлгермеген қымыздың өз әсері, ашыған қымыздың өз ерекшелігі барын да ескертуде.
Ұлдана Байниязова                                                                

Тақырып бойынша материалдар

ОНЛАЙН ҚҰРБАН ШАЛУ ШАРАСЫ ҚАНДАЙ ДЕҢГЕЙДЕ ӨТТІ?
18:47, 4 тамыз 2020
ОНЛАЙН ҚҰРБАН ШАЛУ ШАРАСЫ ҚАНДАЙ ДЕҢГЕЙДЕ ӨТТІ?
Толығырақ...
100 МЫҢНАН АСТАМ АЗАМАТТАН COVID-19-ҒА СЫНАМА АЛЫНҒАН
18:34, 4 тамыз 2020
100 МЫҢНАН АСТАМ АЗАМАТТАН COVID-19-ҒА СЫНАМА АЛЫНҒАН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

42 500 ТЕҢГЕГЕ ӨТІНІШТЕР 1-ҚЫРКҮЙЕККЕ ДЕЙІН ҚАБЫЛДАНАДЫ
15:36, 29 шілде 2020
42 500 ТЕҢГЕГЕ ӨТІНІШТЕР 1-ҚЫРКҮЙЕККЕ ДЕЙІН ҚАБЫЛДАНАДЫ
Толығырақ...
ЖАҢАШЫЛДЫҚ -  ЖАҢА  НӘТИЖЕЛЕРГЕ ЖЕТКІЗУДЕ
15:04, 29 шілде 2020
ЖАҢАШЫЛДЫҚ - ЖАҢА НӘТИЖЕЛЕРГЕ ЖЕТКІЗУДЕ
Толығырақ...