ШҰҒЫЛ! ЖОЛ МӘСЕЛЕСІ ӨЗЕКТІ Толығырақ

10000 СТУДЕНТ ҚАБЫЛДАНДЫ

13:44, 2 қыркүйек 2019

Еліміздегі іргелі, көпсалалы мемлекеттік оқу ордасы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде Білім күні кең көлемде аталып өтті. Шараға Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов қатысып, барша 1 курс студенттеріне сәттілік тіледі. Өскелең ұрпақты тәрбиелеу ісінде аянбай тер төккені үшін бірқатар профессор-оқытушылар құрамы Шымкент қаласы әкімінің алғыс хатымен марапатталды.

Ерлан Айтаханов  - Шымкент қаласының әкімі

Бүгінгі өздеріңіз білім алғалы отырған М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті техникалық және гуманитарлық білім беруде 75-жылдан аса тарихы бароқу ордасы.QS-рейтингтік агенттігінің ТОП-500 рейтингі бойынша республикада ІІІ дәрежеге ие. Бұл іргелі білім шаңырағынан Қазақ елінің  өркендеуіне сүбелі үлес қосқан ұлт мақтанышына айналған біртуар азаматтарымыз түлеп ұшқан. Ендеше, осы оқу ордасына қадам басқан Сіздердің де болашақтарыңыздан біз үлкен үміт күтеміз.

 М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетіне биыл 95 мамандық бойынша 10000 студент қабылданды. Олардың 2184-і мемлекеттік грант иегерлері. Сонымен қатар көпбалалы, әлеуметтік-атаулы көмек алатын отбасылардың балаларына арналған қосымша 6 мың гранттың 245-і осы университеттің студенттері иеленіп  отыр. Магистратура білім бағдарламасы бойынша 298 студент қабылданды.

Дария Қожамжарова - М.Әуезов атындағы ОҚМУ  университетінің ректоры

Бүгін біздің оқу ордасында үлкен мереке, Білім күні. Бұл шарада біздің универді таңдаған енді ғана табалдырығымызды аттағалы тұрған студенттерге сәттілік тіледік. Зерек азамат болып шығатынына сенім білдірдік.

Бүгінгі таңда университетте 104 ғылым докторы, 474 ғылым кандидаты, 601 магистр шәкірттерге дәріс береді. Ел бақытын еселеп, талай түлекті биік шыңдарға жетелеген білім ордасының профессор-оқытушылар құрамы Шымкент қаласы әкімінің алғыс хатымен марапатталды.

Университетте бұған дейін, 25 мың жас болса, енді тағы 10 мың студентпен толықты. Шет елден 3200 ізденуші келді. Ал, колледжде 240 студент білім алмақ. Айта кетейік, аталмыш оқу ордасының Ташкент қаласында филиалы ашылды. Ондағы студенттер саны 3 мыңға  жетіп отыр.

Ә. Дәулетбекқызы                                                     

Тақырып бойынша материалдар

ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН ЕЛ  КУБОГЫ САРАПҚА ТҮСТІ
19:59, 18 қазан 2019
ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН ЕЛ КУБОГЫ САРАПҚА ТҮСТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТҰРАНДАҒЫ ӘДИЯҒА  ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ЖҮРДІ
18:09, 16 қазан 2019
ТҰРАНДАҒЫ ӘДИЯҒА ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ЖҮРДІ
Толығырақ...
ЕСІРКЕП БАТЫРДЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ТУРНИР
18:27, 15 қазан 2019
ЕСІРКЕП БАТЫРДЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ТУРНИР
Толығырақ...