ШҰҒЫЛ! ТАРИХИ-МҰРАЛАР ЗАҢМЕН ҚОРҒАЛАДЫ Толығырақ

11 АЙДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ 5000 ІС-ШАРА ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН

13:56, 6 желтоқсан 2018

Ақпан айында Шардара қаласында бастау алған «Адал жол» акциясы өз мәресіне жетті. Қоғамдағы сыбайластықтың алдын алып, жемқорлықты жоюды мақсат тұтқан шараның қорытындысы Түркістанда өтті. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өңірдегі департаменті ұйытқы болған шараның қорытындысында акцияға белсене қатысқандар марапатталды. Сонымен қатар акция қорытындысы мен халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай Жастар слеті ұйымдастырылды.

Жемқорлықтың жолын кесу үшін «Адал жол» акциясын қолғаалған департамент өкілдері жыл басынан бері 5000-дай іс шара ұйымдастырыпты. Облысаумағын тұтастай қамтыған сол шараларға 1 млн-дай тұрғын тартылған. Оның ішінде бала бақша тәрбиеленушісінен бастап, аға буын өкілдері де бар.

Ғалым Тұрсынбаев – ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы

Балабақшаларда жемқорлық туралы мәселелер емес, Адалдық, адал еңбек сияқты мәселелерді қозғап, одан кейін мектеп қабырғасында жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру үшін жұмыс жасауымыз керек. Ол жұмыстардың барлығы қоғамда жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталуы тиіс.

Қорытынды кеште акцияға белсене ат салысқан ұжым қызметкерлері мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері марапатталды. Марапат алғандардың ішінде арнамыздың тілшісі Мақсұт Айтжанов пен оператор Нуриддин Искаков та бар.

Марапaт алғандардың арасында Сарыағаш аудандық жастар орталығыда бар. Аталған ұжым 10 күндік акцияға 500-дей жасты біріктірген. Жемқорлықсыз қоғам құруды мақсат тұтқан орталық аясында қолға алған істі әлі күнге жалғастырып жатқан көрінеді.

Олжас Мамыр – Сарыағаш аудандық жастар орталығының маманы

Адал жол акциясы аяқталған соң бізде мониторингтік топ құрылып,ол бойынша тиісті жұмыстар жүргізіліп қағаз үнпарақтар жасалып жастарға таратылуда. Бұл жұмыс ешқашан тоқтамайды.

Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай Жастар слетіне барлық аудан қаладан 500-дей жас қатысты. Шара кезінде олар өз қатарластарын жемқорлық әрекеттердің алдын алуда белсенді болуға шақырды. Ал, акция қорытындысына арналған шара соңы концерттік бағдарламаға ұласты.         

М.  ЖАРЫЛҚАСЫН                                   

Тақырып бойынша материалдар

АЗАМАТТАРДЫҢ БАСПАНАЛЫ БОЛУЫ БАСТЫ НАЗАРДА
21:50, 18 қаңтар 2019
АЗАМАТТАРДЫҢ БАСПАНАЛЫ БОЛУЫ БАСТЫ НАЗАРДА
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҰЛЫ ДАЛА ҰРПАҚТАРЫ МАҚАЛА МӘНІНЕ ҮҢІЛДІ
15:03, 16 қаңтар 2019
ҰЛЫ ДАЛА ҰРПАҚТАРЫ МАҚАЛА МӘНІНЕ ҮҢІЛДІ
Толығырақ...
АБАЙ АУДАНЫНДА АТҚАРЫЛАР ЖҰМЫС ЖЕТЕРЛІК
19:30, 14 қаңтар 2019
АБАЙ АУДАНЫНДА АТҚАРЫЛАР ЖҰМЫС ЖЕТЕРЛІК
Толығырақ...