ШҰҒЫЛ! ІНДЕТТЕН ҚАЙТЫС БОЛҒАНДАРДЫ ҮНСІЗДІКПЕН ЕСКЕ АЛДЫ Толығырақ

11 СЕКТОР ҚҰРЫЛЫСЫНА АТСАЛЫСҚАНДАР МАРАПАТТАЛДЫ

17:39, 11 қыркүйек 2019

Еткен еңбек пен төккен тердің өтеуі. Арыс қаласын қалпына келтіруге атсалысқан бір топ азамат марапатталды. Бұл жолы күннің ыстығына қараймай қайта қалпына келтіру жұмыстарына жұмылған құрылысшыларға Отырар ауданының әкімі мен «Нұр Отан» партиясының Түркістан облыстық филиалы құрмет көрсетті. Сауап іс жасап сол үшін марапатталғандардың бәрі 11 секторда еңбек еткендер.

Қайта қалпына келтіру жұмысына Батыс Қазақстан облысы Отырар ауданы жауапты болған 11 сектор жарылыс кезінде қатты зардап шеккен аумақтың бірі болатын. Себебі, аталған аумақтағы 19 көшеде орналасқан 707 үй мен 82 комерциялық нысанның барлығына оқ қойма жарылғанда айтарлықтай зақым келген. Сол олқылықтардың орнын толтыру үшін 10 құрылыс компаниясының 15 техникасымен 450-ге жуық құрылысшы еңбек етті. Сөйтіп, белгіленген мерзім ішінде жөндеу жұмыстарын аяқтады. 

 Әбдіғали Жүнісов – Отырар ауданының әкімі

Қайта қалпына келтіру жұмыстары кезінде 11-сектордағы 10-нан астам үй жаңадан тұрғызылып қалған нысандардың барлығы жөндеуден өтті. Осы жұмыстарға отырарлық құрылысшылар да белсене ат салысты. Одан бөлек қаланы тазалау үшін апта сайын әкімдік тарапынан сенбіліктер ұйымдастырылып, 2 айдың ішінде 19 көшеден 2,5 мың тоннадай тұрмыс қалдықтары шығарылды. Сондай жұмыстарға белсенділік танытқан азаматтарға аудандағы халық қалаулылары да құрмет көрсетті.

Мырзахан Манапов – Отырар аудандық мәслихатының хатшысы

 Арыс қаласында қазір жағдай қалыпқа түсті. 11 сектордағы негізгі жұмыстар толығымен біткен.       

М. Айтжанов    

Тақырып бойынша материалдар

ҚАЗАҚСТАНДА КОРОНАВИРУСТАН ҚАЙТЫС БОЛҒАНДАРДЫҢ САНЫ 396-ҒА ЖЕТТІ
15:33, 14 шілде 2020
ҚАЗАҚСТАНДА КОРОНАВИРУСТАН ҚАЙТЫС БОЛҒАНДАРДЫҢ САНЫ 396-ҒА Ж...
Толығырақ...
ДӘРІ-ДӘРМЕК  БАҒАСЫН БАҚЫЛАУ КҮШЕЙТІЛДІ
15:15, 14 шілде 2020
ДӘРІ-ДӘРМЕК БАҒАСЫН БАҚЫЛАУ КҮШЕЙТІЛДІ
Толығырақ...
БҮГІН САҒАТ  12:00-ДЕ БІР МИНУТТЫҚ ҮНСІЗДІК ЖАРИЯЛАНДЫ
19:42, 13 шілде 2020
БҮГІН САҒАТ 12:00-ДЕ БІР МИНУТТЫҚ ҮНСІЗДІК ЖАРИЯЛАНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БАСПАНА СЫЙЛАП, ҚОРАСЫН МАЛҒА ТОЛТЫРДЫ
17:05, 10 шілде 2020
БАСПАНА СЫЙЛАП, ҚОРАСЫН МАЛҒА ТОЛТЫРДЫ
Толығырақ...
БЕЛГІЛІ ҚАЛАМГЕР ТАЛҒАТ ОРМАНОВ ӨМІРДЕН ОЗДЫ
19:35, 7 шілде 2020
БЕЛГІЛІ ҚАЛАМГЕР ТАЛҒАТ ОРМАНОВ ӨМІРДЕН ОЗДЫ
Толығырақ...