ШҰҒЫЛ! ЖОЛ МӘСЕЛЕСІ ӨЗЕКТІ Толығырақ

12 ЖАСТАҒЫ ЖАСӨСПІРІМГЕ ШҰҒЫЛ КӨМЕК ҚАЖЕТ

17:37, 5 қыркүйек 2019

Шымкенттік 12 жастағы Диасқа шұғыл көмек қажет. Әжесі немересінің жанын сақтап қалу үшін қайырымды жандардан шырылдап жәрдем сұрайды. Қазақстандық дәрігерлер балаға «рабдомиосаркома» диагнозын қойған. Дерттің қауіптілігі сол бала күн санап еркін жүріп тұрудан қалуда. Оны шетелдік дәрігерлер де растап отыр. Енді уақыт жоғалтпай, баланың жанын ажалдан арашалап қалу қажет.

Аян Қалымбетов Нұр-Сұлтан қаласындағы  «Онкология институтында» 1-ші химиятерапиясын қабылдап жатыр. 3 айлық демалыстан соң кішкентай Диас келесі сыныпқа көшіп, мектепке бару керек еді. Алайда, тағдыр тәлкегіне түскен бала ауруханада. Оған «рабдомиосаркома» диагнозының 4 ші деңгейі қойылған. Өкініштісі, 4 ай бұрын басталған дертке жергілікті дәрігерлер диагноз қоя алмаған. Содан болар, ем кеш басталыпты. 

 Озипа Қалымбетова – Диастың әжесі

-Негізі 3-4 ай бұрын басталған. «Аяғым ауырады» деп жүре берген. Жергілікті врачқа алып барса, «сосуды восполенный» деп жібере берген. Қоймады. 3-4 апта өткен соң тағы апарды. Врачқа мүмкін анализ деп тапсырармыз десек. «Не паникуите» деп ұрсып-ұрсып шығарып салды. Сосын Шымкентке келдік. Баланың температурасы көтеріле бастады.

Облыстық балалар ауруханасының дәрігерлері консилиум жасап, баланы Нұр-Сұлтан қаласына жіберуді ұйғарған. Елордалық дәрігерлер «рабдомиосаркома» диагнозын қойған. Кейін бұл ұйғарымды шетелдік ақ халаттыларда нақтылаған. Бұл балаларда жиі кездесетін қатерлі ісіктің түрі. Ол дененің кез-келген бөлігінде кездесуі мүмкін. Қатерлігі бойынша 4-деңгейге бөлінеді. Алғашқы сатысында ісікті хирургиялық жолмен алып тастауға болса, 3 және 4 ші деңгейлерінде ісіктен құтылу қиын. Қазақстандық дәрігерлер диагноз қойғанымен, дертті емдеуге ұзақ уақыт кететінін айтқан. Тиімдісі, баланы шекара асырып, Оңтүстік Корея мен  Германияда емдеу. Ал, ол үшін 50 мың еуро қажет. Қолында қаражаты жоқ Озипа Қалымбетова қайырымды жандардан көмек сұрайды.

Озипа Қалымбетова – Диастың әжесі

-Баламызды жоғалтып алғымыз келмейді. Қаражатқа халықтан көмек болса, шет елге алып барып, шыбын жанын алып қалсақ дейміз. Басқа не айтам. Бірінші химиясын онкология институтында қабылдады. 8 рет қабылдау керек екен. Соны асқындырып алмай, шет ел біздің арманымыз.

Теңіз тамшыдан құралады. Сіздің кішкентай ғана көмегіңіз Диасқа үлкен үміт сыйлайтынын ұмытпаңыз. Дертпен сыналған кішкентайдың өмірін бірге сақтап қалуға болады. Ол үшін қайырымы мол жандар мына көрсетілген нөмеріне хабарласып, өз шама-шарқыңызға қарай ақша аударсаңыз болады.

Байланыс телефондары       +7 778 660 79 32                +7 776 300 99 83

Каспий голд       5169  4931  7297  7483

 

Рабиға Бақытжанқызы                 

Тақырып бойынша материалдар

ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН ЕЛ  КУБОГЫ САРАПҚА ТҮСТІ
19:59, 18 қазан 2019
ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН ЕЛ КУБОГЫ САРАПҚА ТҮСТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТҰРАНДАҒЫ ӘДИЯҒА  ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ЖҮРДІ
18:09, 16 қазан 2019
ТҰРАНДАҒЫ ӘДИЯҒА ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ЖҮРДІ
Толығырақ...
ЕСІРКЕП БАТЫРДЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ТУРНИР
18:27, 15 қазан 2019
ЕСІРКЕП БАТЫРДЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ТУРНИР
Толығырақ...