ШҰҒЫЛ! ЖОЛ МӘСЕЛЕСІ ӨЗЕКТІ Толығырақ

13-СЕКТОРДАҒЫ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕР ТҮГЕЛДЕЙ ТҰРҒЫНДАРҒА ТАБЫСТАЛДЫ

19:24, 10 қыркүйек 2019

Арыс қаласында тағы бір сектор өз жұмысын аяқтады. Толық жөндеу жұмыстарын жүргізген 13-сектордағы тұрғын үйлер жаңарып, түрленіп қайта қалпына келтірілді. Құрылыста қарқынды еңбегі мен сапалы қызметі үшін бүгін бір қатар азаматтар марапатталды. Оларды секторға жауапты, Ордабасы ауданының әкімі Әліпбек Өсербаев құттықтап, алғысын жеткізді.

 

Марапат алып марқайғандардың бірі «SS city» ЖШС басшысы Данияр Тайыр. Оның қарамағындағы мердігер мекемінің еңбегі расында мақтауға тұрарлық іс. Себебі 13-сектордың аумағында орналасқан тұрғын үйлердің басым бөлігіне құрылысты жүргізіп, тұрғындардың баспанасын жайлы етті. Жөндеу жұмыстарын қырқынды жүргізіп, сапалы еңбегімен көзге түсті.

Данияр Тайыр - «SS city» ЖШС директоры

 Бұдан өзге түрлі саланың шын белсенділері де алғыс хатқа бөленді.  Жоспары жүйелі, тірлігі тындырымды жұмысшылардың еңбегі еленді. Ордабасы ауданының әкімі Әліпбек Өсербаев жиында сөз алып, барлық жауаптылар мен құрылысшыларға алғысын білдірді. Бұл сынақ елдің бірлігі мен ынтымағын көрсетті деп  тату елдің тірлігіне ризашылығын жеткізді.

 Әліпбек Өсербаев - Ордабасы ауданының әкімі

 Сапарбай Дәрібай – Арыс қаласы әкімінің орынбасары

Арыс қаласын қалпына келтіру жұмыстары бойынша Солтүстік Қазақстан облысы мен Ордабасы ауданы 13 - секторға жауапты болып бекітілген еді. Бұл секторда жалпы саны 371 жеке тұрғын үй орналасқан. Оның ішінде төтенше жағдайдан 198 үйге зақым келген. Зақымданған үйлердің барлығына ақау актісі жасалып, түгелдей жұмыстар аяқталды.

Н. Мұхамеджанұлы                                                                                 

Тақырып бойынша материалдар

ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН ЕЛ  КУБОГЫ САРАПҚА ТҮСТІ
19:59, 18 қазан 2019
ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН ЕЛ КУБОГЫ САРАПҚА ТҮСТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТҰРАНДАҒЫ ӘДИЯҒА  ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ЖҮРДІ
18:09, 16 қазан 2019
ТҰРАНДАҒЫ ӘДИЯҒА ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ЖҮРДІ
Толығырақ...
ЕСІРКЕП БАТЫРДЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ТУРНИР
18:27, 15 қазан 2019
ЕСІРКЕП БАТЫРДЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ТУРНИР
Толығырақ...