15 минутта әрекет етпеген, ажал құшуы мүмкін...

«Уақытылы және сапалы ем алыңыз!». Осындай ұранмен облыстық кардиологиялық орталықтың жетекші мамандары халық арасында денсаулық акциясын ұйымдастырды. Негізгі мақсат – салауатты өмір салтын ұстануға тұрғындардың назарын аудару, профилактикалық тексерулерден дер кезінде өтуге шақыру.

18:33, 19 мамыр 2017   457

Дәрігерлердің сараптамасына сүйенсек, науқас  ауру қысқан жағдайда алдымен, өзі әрекет етеді. 7 сағаттан кейін ғана  ауруханаға түседі. Ем-домның нәтижелілігі үйдегі 2 сағатта көрсетілген көмекке байланысты болмақ. Егер бұл көмек мардымсыз болса, инфарктқа шалдыққан науқастардың  30%-ы небары 15 минуттың  ішінде ажал құшуы мүмкін.

Гүлмира Алипова – Облыстық кардиология орталығы бас дәрігерінің орынбасары

Жүректің ишемиялық ауруларының ішіндегі ең қауіптісі ол – жүрек миокард инфаркты. 2016 жылдың ішінде 2200-ге жуық науқас осы ауруға шалдығып отыр. 994-іне стент орнатылады. Әрине, ол кезде біздің тарапымыздан барлық емдеу жолдары жасалынады. Осы біздің мақсатымыз – ауруды болдыртпау, уақытылы келу. Соны халық арасында ертерек анықтап, насихаттау жұмыстарын жүргізіп жатырмыз.

 

Оразкүл Ахметова - 55 жаста. Ордабасы ауданы Шұбарсу ауылының тұрғыны осыдан 2 жыл бұрын инфаркт алып, бір өлімнен аман қалған. Көмекке неғұрлым ертерек жүгінсе, бұл дерттен біржолата айығуға үміт бар, - дейді ол. Сондықтан денсаулық акциясына келіп отыр.

Давлениеңіз көтеріліп тұрады ма? – Ең жоғарғы 180 болған. Инфаркт алмай тұрғанда, 250-300-ге дейін барған. – Қазір 140/90 болып тұр. Беріліп жатқан дәрілерді уақытылы қабылдаңыз. Екеуі де давлениені түсіреді.

Оразкүл Ахметова – Ордабасы ауданының тұрғыны

Мен бүгін мына халыққа қызмет көрсету орталығында акция жүріп жатқанын естіп келіп отырмын. Келсем, өзімнің дәрігерім де осында екен. Өте қуаныштымын. 2015 жылдың қыркүйек айында инфаркт алып, содан бері тұрақты түрде емделіп тұрам. Керекті дәрілерімді берді. Давлениемді өлшеді. Рахмет сіздерге!

Егер сізде миокард инфарктісінің белгілері пайда болса, дереу 103-ке хабарласып, «Жедел жәрдем» бригадасының көмегіне жүгініңіз. Тез әрекет етіп, уақытылы ем алу жақындарыңызбен өтетін жарқын күндерді ұзартпақ!

АҚМАРАЛ Көпжасарова

«Қазақстан-Шымкент» телеарнасының ресми сайты

160000, Шымкент қаласы, Қазыбек би көшесі, 20 үй Байланыс телефондары: 8 (7252) 53-62-07