ШҰҒЫЛ! ӨЖЖ АППАРАТТАРЫ ШЫМКЕНТТЕ ЖАСАЛАДЫ Толығырақ

150 ОРЫНДЫҚ КҮНДІЗГІ СТАЦИОНАР АШЫЛДЫ

18:53, 29 маусым 2020

Шымкенттегі Қажымұқан стадионындағы жеңіл атлетика манежінде 150 орындық күндізгі стационар ашылды. 1 шілдеге дейін мұндағы төсек-орындар саны 450 ге артады. Бүгіннің өзінде жедел-жәрдем қызметіне күніне 2100-ден аса қоңырау түседі. Денсаулық жағдайына байланысты сырқаттардың жеңіл түрлері осында ем қабылдайды.

Дәл осындай медициналық ұйымдар Самал-3 мөлек ауданындағы құрылысы енді аяқталған мектепте ашылды. Ондағы төсек орын саны 400. Ал, Желтоқсан көшесінде орналасқан Политехникалық колледжінде 150 адамға күндізгі медициналық көмек көрсетілуде. Білім орны қабырғасына  бұдан бөлек тағы 250 орын қосу қоспарлануда.

Еркеғали Әлімқұлов - Шымкент қаласы әкімі аппаратының басшысы

Күндізгі стационар таңғы 8 ден кешкі 18:00-ге дейін қызмет көрсетеді. Мамандардың дерегінше, Шымкенттегі ауруханаларда  әлі 2  870 бос орын бар. Оның 650-і жұқпалы ауруларға, 2 220-сы пробизорлы науқастарға арналған. Бұл орталықтар қауіп тыйылмай, қажет болған жағдайда ғана іске қосылады.

Еркеғали Әлімқұлов - Шымкент қаласы әкімі аппаратының басшысы

Медициналық орталық қажетті барлық дәрі - дәрмекпен қамтылады. Ақхалаттылар саны да жеткілікті. Дегенмен, кез-келген адам келіп ем қабылдай алмайды. Тек жедел-жәрдем қызметіне жүгінген, дәрігерлердің жолдамасы арқылы ғана көмек көрсетіледі.

Тақырып бойынша материалдар

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Qazaqstan» телеарнасына сұхбат берді
19:36, 27 қараша 2020
ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Qazaqstan...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар