ШҰҒЫЛ! ЖОҒАЛҒАН БАЛА ТАБЫЛДЫ Толығырақ

1560 ПӘТЕР ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛМЕК

18:17, 12 қараша 2018

Түркістанда 2019 жылдың көктемінде 1560 пәтер ел игілігіне беріледі. Оның 360 баспанасы «7-20-25» бағдарламасы арқылы үлестірілмек. Осы игілік арқылы жергілікті әкімдікте үй кезегінде тұрған азаматтардың 20 пайызының өтініші қанағаттандырылады.

Түркістанда жаңадан бой көтерген Отырар мөлтекауданы қазір қарқынды құрылыс алаңына айналған. Осы маңдағы 100 гектар алқапқа 100 көпқабатты үй салынады деп жоспарланған. Қазір соның 62-сінде  құрылыс жұмыстары  қызу жүріп жатыр.  

Әліпбек Өсербаев – Түркістан қаласының әкімі

Сол жер телімдері бөлінгенде айтылған, сол маңға 100 үй салынады деп, қазі сол сөз рас болып отыр. Міне көктемде 1500 үй берсек, бұл деген үлкен жұмыс.

Отырар мөлтекауданында  6 пәтерлі 11 үйдің құрылысы жүріп жатыр. Сондай-ақ, жеке кәсіпкерлердің инвестициясы негізінде 60 пәтерлі 6 үй тұрғызылуда. Бұл үйлер  Елбасының «5 әлеуметтік бастамасы» аясында 7-20-25 бағдарламасымен берілмек.

Әліпбек Өсербаев – Түркістан қаласының әкімі

Сол жер телімдері бөлінгенде айтылған, сол маңға 100 үй салынады деп, қазі сол сөз рас болып отыр. Міне көктемде 1500 үй берсек, бұл деген үлкен жұмыс

Бүгінде Түркістан қалалық әкімдігінде 8343  азамат үй кезегінде тұр. Оның 2 мыңдайы мемлекеттік қызметкерлер. Келер жылдан бастап осы азаматтардың өтініштері кезең-кезеңімен жүзеге асатын болады. Ол үшін мемлекет тарыпынан бөлініп отырған қаржының көлемі де ауқымды.

П.БИНАЗАРҚЫЗЫ    

Тақырып бойынша материалдар

ҚАЛА ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ ҚАБЫЛДАДЫ
19:39, 18 қыркүйек 2020
ҚАЛА ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ ҚАБЫЛДАДЫ
Толығырақ...
АРДАГЕР ЖУРНАЛИСТПЕН ОНЛАЙН СҰҚБАТ
18:28, 18 қыркүйек 2020
АРДАГЕР ЖУРНАЛИСТПЕН ОНЛАЙН СҰҚБАТ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МҰҒАЛІМДЕРДІ ЖҰМЫСҚА ОНЛАЙН ҚАБЫЛДАНУДА
15:57, 15 қыркүйек 2020
МҰҒАЛІМДЕРДІ ЖҰМЫСҚА ОНЛАЙН ҚАБЫЛДАНУДА
Толығырақ...
САБЫННАН КҮНІНЕ 350 МЫҢ ТЕҢГЕ ТАУЫП ОТЫР
13:51, 16 қыркүйек 2020
САБЫННАН КҮНІНЕ 350 МЫҢ ТЕҢГЕ ТАУЫП ОТЫР
Толығырақ...
ТҮРКИЯДАН ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК КЕЛДІ
19:31, 16 қыркүйек 2020
ТҮРКИЯДАН ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК КЕЛДІ
Толығырақ...