ШҰҒЫЛ! ТАРИХИ-МҰРАЛАР ЗАҢМЕН ҚОРҒАЛАДЫ Толығырақ

16-НАУРЫЗ - ҚАЗАҚ ТЕЛЕВИЗИЯСЫНЫҢ ТҰРАҚТЫ ТҮРДЕ ХАБАР ТАРАТУДЫ БАСТАҒАН КҮНІ

17:00, 15 наурыз 2019

16- наурыз қазақ телевизиясының көгілдір көк сандықтан алғаш рет хабар таратқан күні. 1958 жылы 8 наурыз күні Қазақ телевизиясының қара шаңырағы дүниеге келді. Ал, 16-наурызда Алматы студиясы арқылы алғашқы сигнал бүкіл елге хабар таратты. Бұл ел тарихындағы елең еткізер жаңалық болды. Тарихи деректерге сүйенсек, тұңғыш қазақ телеарнасының тырнақалды хабарын республика көрермендері 4100 теледидардан тамашалаған.

Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақ теледидарының тарихында жаңа кезең басталды. 1994 жылы 4 сәуірде Қазақстан Президентінің жарлығымен «Қазақстан теледидары мен радиосы» республикалық корпорациясы болып құрылды. 2002 жылдан «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы деп аталды. Телеарнада күніне қазақ тілінде 4 рет, орыс тілінде 4 рет жаңалықтар топтамасын беретін ақпараттық талдау бағдарламалар дирекциясы құрылды. Бертін келе, 1990 жылы 5-қарашада Оңтүстік Қазақстан телеарнасы  ашылып, өз жұмысын бастады.

61 жыл. Осы мерзім ішінде телеарна сан түрлі өзгерістерді бастан кешірді. Алғашқы кассеталы ауыр камералар мен сымы бар микрофондардың орнына сан қырлы техникалық мүмкіндігі бар - цифрлық телевизия келді. Осы оң өзгерістердің орын алуына әр жылдары келіп отырған басшылар өлшеусіз үлес қосты. «Оңтүстік» телеарнасындағы ең алғашқы хабарлардың бірі – «Ғажайып қоржын» көзіқарақты көрерменнің әлі есінде. Бағдарламаның тізгінін ұстаған Сенбек Ералиев «Қазақтың Якубовичі» атанып кеткен-ді. Абыройы асқақ аға буын өкілі бүгінде ұжымның құрметтісі.

Сенбек Ералиев – «Ońtústik» телеарнасының редакторы

Ширек ғасырлық тарихында телеарна атауы 4 рет рет өзгерді. 1990 жылдың 5-ші қарашасынан бастап, тікелей эфирде хабар таратқан телеарна бастапқыда «Оңтүстік Қазақстан теледидары» болса, сәл кейін, Шымкент теледидары, яғни, ШТД деген атаумен көрермен жадында берік сақталды.

Айжігіт Асанов – «Ońtústik» телеарнасының үйлестіруші-редакторы

Қай істі алсақ та, басы қатты, аяғы тәтті болатыны бар. Қалам ұстағандар жетерлік. Алайда, техника жоқ. Телеарнаның алғашқы директоры Байдулла Қонысбек арнаулы білімі болмаса да, телевизия саласына ынтасы жоғары азаматтарды  іздеді. Іріктеді. Техника жағын сұрастырды. Оның тілін табатын сақа маманды тапты. Таңдау күні бүгінге дейін арнамыздың белді қызметкері Айжігіт Асановқа түсті.

 Қазақы қалып, ата салтты берік ұстанған ыстық ұяның тамыры терең телеарнасы бүгінде 18 сағат хабар таратады. Электронды БАҚ туралы пікірлер еліміздің 14 облыс, екі мегаполисінен ғана емес, іргедегі Өзбекстан, әрідегі Түркиядан да келіп жетеді. Ел ішіндегілер «Жаңалықтан» жаңаны естіп, қуанса, өз проблемасын билікке жеткізіп, жұбанады. «Асыл мұра», «Блог тайм», «Денсаулық», «Көзайым», «»Көңілді кеш», «Диалог», жастарға арналған «Жастар лайф» бағдарламалары қалың жұрттың көңілінен шығып отыр.

Г. Қалмырзақызы                     

Тақырып бойынша материалдар

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА ОЗЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЕНГІЗІЛУДЕ
16:57, 26 наурыз 2019
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА ОЗЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЕНГІЗІЛУДЕ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ШЫМКЕНТ УНИВЕРСИТЕТІ МЕЙРАМДЫ ТОЙЛАДЫ
12:21, 20 наурыз 2019
ШЫМКЕНТ УНИВЕРСИТЕТІ МЕЙРАМДЫ ТОЙЛАДЫ
Толығырақ...
ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ КЕНТАУДАҒЫ МАҢЫЗДЫ НЫСАНДАРДЫ АРАЛАДЫ
21:34, 19 наурыз 2019
ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ КЕНТАУДАҒЫ МАҢЫЗДЫ НЫСАНДАРДЫ АРАЛАДЫ
Толығырақ...
ПРЕЗИДЕНТ Қ.ТОҚАЕВ АЛҒАШҚЫ ЖҰМЫС САПАРЫН ТҮРКІСТАННАН БАСТАДЫ
13:03, 23 наурыз 2019
ПРЕЗИДЕНТ Қ.ТОҚАЕВ АЛҒАШҚЫ ЖҰМЫС САПАРЫН ТҮРКІСТАННАН БАСТАД...
Толығырақ...