
Өзіңізді толғандырған құқықтық сұрақтар болса оның жауабын алуға мүмкіндік бар. Осы сенбіде Шымкент қаласының Әділет департаменті ашық есік күнін өткізеді.
Сол күні таңғы тоғыздан бастап «Халыққа заңды көмек» атты акция өтеді. Онда әрбір тұрғын әділет органдары құзырына кіретін кез келген сұрағына жауап ала алады. Мәселен алимент өндіру, апостиль, зияткерлік меншік құқықтары, жылжымайтын мүлік пен заңды тұлғаны тіркеу мәселесінде туындаған сауалдарына жауап ала алады. Сонымен қатар адвокаттық және нотарияттық қызметке қатысты азаматтарды толғандырған мәселелер болса сол жерден тұшымды жауап ала аласыз. Акцияға департамент қызметкерлері, адвокаттар, нотариустар заң консультанттары мен сот орындаушылар қатысады.
Дина Ботан – Шымкент қаласы Әділет департаментінің бөлім басшысы
Мұндай деңгейдегі акция Шымкент қаласында алғашқы рет өтіп жатыр. Тұрғындарды Шымкент қаласы Желтоқсан көшесі 16 ғимаратына шақырамыз. Әділет департаменті халық үніне құлақ асып әрдайым көмекке дайын.