ШҰҒЫЛ! ЖОЛ МӘСЕЛЕСІ ӨЗЕКТІ Толығырақ

17 СЕКТОРДА 97 ПАЙЫЗ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚАЛПЫНА КЕЛДІ

12:03, 3 қыркүйек 2019

Арыс қаласындағы 17 секторда Ақмола облысымен Қазығұрт ауданға тиесілі құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізуде. 100- ге жуық қазығұрттық азамат 11 көшеде сенбілік ұйымдастырды. Аудан әкімі Төлеген Телғараев С. Сейфулин мектебінде көп балалы аналарға оқу құралдарымен киім-кешек сыйға тарты.

Арыс қаласындағы құрылыс жұмыстары мәресіне  жетіп келеді. Ақмола облысының азаматтарымен бірге  17-секторда қажырлы еңбек етіп жүрген қазығұрттықтар  лайықты көмек көрсетуде. Арыс қаласында өткізілген сенбілікте . 17-сектор аумағын қоқыстан  тазалады. Ақмолалықтар мен қазығұрттықтарға Арыс тұрғындарының алғыстан басқа айтары жоқ.   

Перизат Туманова-Арыс қаласының тұрғыны

 осы 17 секторға бөлінген үйлердің барлығын толық жөндеуден өткізілді. Қазіргі таңда оған басшылық жасап отырған мамандар, Қазығұрт ауд басшылығы  қадағалап тұрды, көпбалалы отбасыларға форма мен оқу құралдарымен көмек көрсетті.

 Арыс қаласына барған аудан әкімі Төлеген Телғараев ондағы атқарылып жатқан шаруаларды көрді. Сектордағы Қазығұрт ауданының азаматтары жүргізіп жатқан құрылыс нысандарында болып, жұмыс барысымен танысты. Арыстық тұрғындарымен кездесіп, олардың хал-жағдайларын сұрады.

 Райхан Алтынбекова-Арыс қаласының тұрғыны.

Қазығұрт ауд әкімшілігіне зам Серік Нұрмановқа алғысым шексіз. Зардап шеккен үйлердің барлығын жөндеді. Азық-түлік және қаржылай да комек көрсетті.

Сонымен қатар аудан басшысы Төлеген Телғараев 16 аз қамтамасыз етілген отбасы балаларына мектеп құралдарымен мектеп формасын және қаржылай сый жасады.

Ұ.Байниязова                                                                  

Тақырып бойынша материалдар

ШЫМКЕНТТЕ 70-КЕ ЖУЫҚ ҰЛТ ЗИЯЛЫЛАРЫНЫҢ ҚАНАТТЫ СӨЗДЕРІ ЖАЗЫЛҒАН БИЛБОРДТАР ІЛІНДІ
13:53, 13 қазан 2019
ШЫМКЕНТТЕ 70-КЕ ЖУЫҚ ҰЛТ ЗИЯЛЫЛАРЫНЫҢ ҚАНАТТЫ СӨЗДЕРІ ЖАЗЫЛҒ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар