ШҰҒЫЛ! ЖОЛ МӘСЕЛЕСІ ӨЗЕКТІ Толығырақ

2 МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

17:54, 2 қыркүйек 2019

1-қыркүйек - Білім күні мерекесін Ордабасы ауданының тұрғындары қуанышты көңіл-күймен қарсы алды. Бұл күні ауданда жаңадан 2 мектеп пайдалануға берілді. Көптен күткен мектептің ашылу салтанатына Ордабасы ауданының әкімі арнайы барып, оқушыларды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады.

Ордабасы ауданының 55 жылдығына орай, "55 жылдықка - 55 игі іс" шарасы аясында бүгін Ордабасы ауданында екі мектептің лентасы қиылды. Жалпы Ордабасы ауданында 7 мектептің құрылысы бастау алған болатын.

 Әліпбек Өсербаев – Ордабасы ауданының әкімі

Оқушыларымызға жағдай жасап, қажеттіліктерімен қамтамасыз ету – бізге жүктелген жауапкершілік. Тәуелсіздік алғалы Ордабасы ауданында 26 мектеп бой көтеріп, білім саласына бөлінетін қаржы 11 млрд. 657 млн. 798 мың теңгеге жетті. Бұл – аудан бюджетінің 57,8 пайызын құрайды. Міне, бұл игіліктер тәуелсіз мемлекеттің заман көшіне төтеп беретін білімді тұлғалар тәрбиелеу үшін жасауда,

 Ордабасы ауданындағы «Бөген» жалпы орта мектебі 1980 жылы салынған. Осы уақытқа дейін мұнда тек ағымдағы жөндеу жұмыстары  ғана жүргізіліп келген. Бұл қиындықтар артта қалды. Есігін айқара ашқан білім ұясы  170 оқушыны қабылдады.

 Ұлжан Түймебай - "Бөген" жалпы орта мектебінің директоры

  • Бүгінгі 1-ші қыркүйек білім күні баршамызға қуанышты күн болып отыр. Себебі 1980 жылы салынған ескі ғимаратта осы уақытқа дейін оқып келдік. Бүгін елбасымыз, президентіміздің арқасында осындай жаңа мектепте 2019 жылды қарсы алып отырмыз.

 

Ордабасы ауданында  жалпы білім беретін 64 мектеп бар. Оның ішінде 47-і жалпы орта, 3-і негізгі орта, 14-і бастауыш мектеп. Осы білім беру мекемелерінде биылғы оқу жылында 30899 оқушы және дайындық тобында 2677 тәрбиеленуші білім алмақ.  Өткен жылмен салыстырғанда оқушы саны 1498 оқушыға артып отыр.

 

Нұрсұлтан   Әбдірашит                

 

 

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ШЫМКЕНТТЕ 70-КЕ ЖУЫҚ ҰЛТ ЗИЯЛЫЛАРЫНЫҢ ҚАНАТТЫ СӨЗДЕРІ ЖАЗЫЛҒАН БИЛБОРДТАР ІЛІНДІ
13:53, 13 қазан 2019
ШЫМКЕНТТЕ 70-КЕ ЖУЫҚ ҰЛТ ЗИЯЛЫЛАРЫНЫҢ ҚАНАТТЫ СӨЗДЕРІ ЖАЗЫЛҒ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар