ШҰҒЫЛ! АЛКОГОЛЬ ӨНІМДЕРІН ЗАҢСЫЗ ШЫҒАРЫП КЕЛГЕН Толығырақ

20 МЫҢҒА ЖУЫҚ СТУДЕНТТІҢ ТАҒДЫРЫ НЕ БОЛМАҚ?

12:48, 7 ақпан 2020

Шымкентте 3 бірдей жеке меншік оқу орнының бірігуінен құрылған Аймақтық әлеуметтік инновациялық университеті ақыры жабылатын болды. Себебі, ҚР Білім және ғылым министрлігі аталмыш білім ошағына жүргізген тексеру барысында бірнеше кемшілікті анықтаған. Нәтижесінде, биылғы жылдың 31 шілдесінде университет лицензиясының күші жойылады

Жоғары оқу орындары сапалы кадр дайындауы тиіс. Егер сапаға жауап бермесе, онда жабу керек. Бұл мемлекет басшысының талабы. Арнайы тексеріс жұмыстарын жүргізген министірлік өкілдері университеттің ішкі құжаттары мен ғимаратынан шикілік тапқан.

Сандыбай Боранбаев -  Аймақтық әлеуметтік инновациялық университетінің ректоры -Ғимараттардан және құжат жүзінде біршама кемшіліктер жіберген деді. Мұғалімдердің министрлік талап еткен баспаларда мақалалары шықпаған. Бірақ, сапасыз білім берді деген кемшілік айтылған жоқ. Отрицаю. Біз ешкімді кінәламаймыз.

Дегенмен, министрлік осында білім алып жүрген 20 мыңға жуық студенттің жағдайына бей-жай қарамайды. Арнайы құрылған жұмысшы топ студенттерді басқа оқу орындарына жайғастырмақ.  Дегенмен, студенттер таңдалған 15 оқу орнынан өзге де универді тағдауға толық құқылы.

Сандыбай Боранбаев -  Аймақтық әлеуметтік инновациялық университетінің ректоры

-Жұмыс тобының құрамына Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Түркістан облысының ректорлары кірген. Жазғы каникулдан кейін, барлықтарын өздеріне қабылдап, өздерінде оқытатын болды. Біздегі стууденттерге берілген жеңілдіктер сақталады. Осы төлемақы сақталады.

Рабиға Бақытжанқызы – тілші

-Білім және ғылым министрлігінің арнайы бұйрығымен аталмыш университеттің лицензиясынан 2020 жылдың 31 шілдеден бастап тоқтатылады. Оған дейін білім процесі жалғасатын болады. Осы уақыттан бастап 1-4 курс және магистранттар басқа оқу орындарына ауыстырылатын болады.

Р.Бақытжанқызы  

Тақырып бойынша материалдар

БІЛІМ НЫСАНДАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН
20:23, 30 қазан 2020
БІЛІМ НЫСАНДАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН
Толығырақ...
МҰРАТ ӘЙТЕНОВ: ХАЛЫҚ АҚШАСЫ - ХАЛЫҚҚА ЖЕТУ КЕРЕК
20:21, 30 қазан 2020
МҰРАТ ӘЙТЕНОВ: ХАЛЫҚ АҚШАСЫ - ХАЛЫҚҚА ЖЕТУ КЕРЕК
Толығырақ...
20:21, 30 қазан 2020
МҰРАТ ӘЙТЕНОВ: ХАЛЫҚ АҚШАСЫ - ХАЛЫҚҚА ЖЕТУ КЕРЕК
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

20:21, 30 қазан 2020
МҰРАТ ӘЙТЕНОВ: ХАЛЫҚ АҚШАСЫ - ХАЛЫҚҚА ЖЕТУ КЕРЕК
Толығырақ...