ШҰҒЫЛ! САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ ПЫСЫҚТАДЫ Толығырақ

20 ӨРТ СӨНДІРУ КӨЛІГІНІҢ КІЛТІ ТАБЫСТАЛДЫ

18:13, 6 наурыз 2020

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті 20 жаңа өрт сөндіру автокөліктерімен толықты. Ресейлік зауыттан арнайы тапсырыспен әкелінген техника заманауи құрал-жабдықтармен қамтылған. Құтқару машиналарының кілтін өңір басшысы Өмірзақ Шөкеев табыстады.

Су жаңа заманауи автокөліктердің  басым көпшілігі өрт сөндіру болса, қалғаны көмекші құтқару техникалары.  Мәселен, мына су тасмалдаушы көліктің құны - 44 млн. теңге тұрады. Ресейден арнайы әкелінген. Ерекшелігі - 2 мың метр қашықтықтан өрт сөндіру техникаларына су жеткізу жеңдерімен тасымалдауға қауқарлы. Айта кетейік, соңғы үш жылда Төтенше жағдайлар департаментінің материалдық базасын нығайтуға облыстық бюджеттен 66 бірлік техника алынды.

Өмірзақ Шөкеев - Түркістан облысының әкімі

Сіздердің еңбектеріңіз адал. Қауіптің бел ортасында жүріп төтенше жағдайлармен тиімді күрес жүргізіп келесіздер. Осы уақытқа дейін көптеген жетістіктерге қол жеткіздіңіздер. Апатпен күресте жоғарғы кәсібилік және жанқиярлық еңбектеріңізге алғыс айтамыз

Соңғы үш жылда 66 техникалық автокөлік сатып алынған. Түркістан облысының даму жоспарына сәйкес, облыс аумағында 2024 жылға дейін заманауи талапқа сай, 5 өрт сөндіру бекеттері және әкімшілік ғимараты салыну жоспарлануда. Сондай-ақ, өңірге қарасты ауылды мекендерді «құлақтандыру» жұмысы 100 пайызға қамтылмақ. Былтыр 134 заманауи құлақтандыру жүйесі міндетті мекенжайларға орналастырған.

Нұрғали Жүнісов -  Түркістан облысының төтенше жағдайлар департаментінің бастығы

Бүгінгі табысталатын техниканың негізгісі аудандарға беріледі. Оның төртеуі өртсөндіру автокөлігі және қазіргі таңда Қостанай облысынан келетін автосатымыз осы Түркістан қаласында орналасқан бірінші мамандандырылған өрт сөндіру бөліміне беріледі.   Қалған автокөліктер өзінің дәрежесіне және талапқа сай жақын орналасқан және де көп қабатты ғимараттар мен  адамдар көп жиналатынаудандарға табыстанйтын боламыз.

Бүгінгі таңда, өрт сөндіру қызметінде қажетті  167  техника бар. Бұл өңір бойынша  55 пайызды құрайды. Демек, құтқарушылардың  қырағылық танытып,  жұмыстарын мінсіз атқаруы үшін әлі де техникалық күш керек.  

М.ӘСЕМБЕК

 


 

Тақырып бойынша материалдар

МҰҒАЛІМДЕР АРТЫҚ ЖҰМЫСТАРҒА ТАРТЫЛМАЙДЫ     
19:53, 1 маусым 2020
МҰҒАЛІМДЕР АРТЫҚ ЖҰМЫСТАРҒА ТАРТЫЛМАЙДЫ     
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МАСКА ТАҚПАСАҢЫЗ 13890 ТЕҢГЕ АЙЫППҰЛ ТӨЛЕЙСІЗ
16:11, 29 мамыр 2020
МАСКА ТАҚПАСАҢЫЗ 13890 ТЕҢГЕ АЙЫППҰЛ ТӨЛЕЙСІЗ
Толығырақ...
КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН  69 АДАМ   ТІРКЕЛДІ
14:09, 26 мамыр 2020
КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН 69 АДАМ ТІРКЕЛДІ
Толығырақ...