ШҰҒЫЛ! ҚҰРБАН АЙТ НАМАЗЫ ОҚЫЛМАЙДЫ Толығырақ

200-ГЕ ЖУЫҚ НАУҚАС ЕМДЕЛІП ШЫҚТЫ

17:14, 10 шілде 2020

Шымкент қаласында инвестор көмегімен ашылған стационарда алғашқы он күнде 200-ге жуық науқас емделіп шықты. 400 төсек-орындық ЖРВИ және пневмониямен күдікті науқастарға арналған провизорлық емдеу орны күшейтілген режимде жұмыс атқаруда. Орталықта білікті 21 дәрігер мен 70 орта буын медицина қызметкері бар.

Мұнда 34 оттегі балонын қолдану мүмкіндігі қарастырылған. Сондай-ақ, барлық қажетті дәрімен қамтылған, науқастарға күніне 3 мезгіл ыстық тамақ беріледі. Барлық санитарлық талаптар сақталған. Медицина мамандары да сырқат жандардың саулығы үшін барын салуда.

Динара Қыдырбаева – 14- емдеу орталығының бас дәрігері

Емдеу орталығы 28 маусым күні ашылып, алғашқы 10 күнде 344 науқас қабылдаған.  Бүгінде олардың 200-і аурудан құлан-таза айығып, үйлеріне шықты. Індетті жеңіп шыққандар ақ халаттыларға алғыстарын айтуда.

Абдуғолла Қылышов – қала тұрғыны

Провизорлық орталыққа кез келген адам жедел-жәрдем көмегі арқылы немесе өз шағымымен келе алады. Дегенмен, дәрігерлер тұрғындарды маман  нұсқауынсыз әртүрлі дәрі-дәрмек қабылдап, үй жағдайында емделуден аулақ болуға шақырады. Динара Қыдырбаева – 14- емдеу орталығының бас дәрігері

Жалпы қалада бүгінгі күні коронавируспен күреске арналған 650 төсек-орын, 26 жерден 3110 төсек-орындық провизорлық стационар, ал ауыр дәрежедегі науқастарға 136 жансақтау төсек-орын жасақталған.

Перизат Ортай                                                                

Тақырып бойынша материалдар

ОНЛАЙН ҚҰРБАН ШАЛУ ШАРАСЫ ҚАНДАЙ ДЕҢГЕЙДЕ ӨТТІ?
18:47, 4 тамыз 2020
ОНЛАЙН ҚҰРБАН ШАЛУ ШАРАСЫ ҚАНДАЙ ДЕҢГЕЙДЕ ӨТТІ?
Толығырақ...
100 МЫҢНАН АСТАМ АЗАМАТТАН COVID-19-ҒА СЫНАМА АЛЫНҒАН
18:34, 4 тамыз 2020
100 МЫҢНАН АСТАМ АЗАМАТТАН COVID-19-ҒА СЫНАМА АЛЫНҒАН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

42 500 ТЕҢГЕГЕ ӨТІНІШТЕР 1-ҚЫРКҮЙЕККЕ ДЕЙІН ҚАБЫЛДАНАДЫ
15:36, 29 шілде 2020
42 500 ТЕҢГЕГЕ ӨТІНІШТЕР 1-ҚЫРКҮЙЕККЕ ДЕЙІН ҚАБЫЛДАНАДЫ
Толығырақ...
ЖАҢАШЫЛДЫҚ -  ЖАҢА  НӘТИЖЕЛЕРГЕ ЖЕТКІЗУДЕ
15:04, 29 шілде 2020
ЖАҢАШЫЛДЫҚ - ЖАҢА НӘТИЖЕЛЕРГЕ ЖЕТКІЗУДЕ
Толығырақ...