ШҰҒЫЛ! БҮГІН ШЫМКЕНТТЕ ТАРИХИ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ ЗОР ОҚИҒА БОЛДЫ Толығырақ

200 ОТБАСЫҒА АЗЫҚ-ТҮЛІК, 100 МЫҢ ТЕҢГЕДЕН КӨМЕК БЕРІЛДІ

13:17, 13 маусым 2018

Ең жақсы әдет - ізгілік пен жомарттық. Қасиетті Рамазан айында Жетісай жайсаңдары қайырымдылық акциясын өткізді. Шара Елбасының «Болашаққа бағдар- рухни жаңғыру» мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасы аясында жүзеге асты.

«Қайырымдылық - жылы жүректен». Игі шараға «Нұр Отан»  партиясының  Жетісай аудандық филиалы мен «ТӘЖ ломбард» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мұрындық болды. Қайырымдылық акциясына асыраушысынан айырылған және тұрмысы төмен отбасылар қатысты.

Әбдіманап Байдуллаев – «Нұр Отан» партиясы Жетісай аудандық филиалы төрағасының орынбасары

Акциямыз биылғы жылы Айлардың Сұлтаны – Рамазан айымен тұспа-тұс келді. Сондықтан да әрбір:  Отыз күн оразаның бір айты бар,Әрбір қайырлы істің қайтымы бар» дегендей. Алла осы ұйымдастырып отырған іс-шараның демеушілеріне үлкен сауапты тірліктің басқасында жүргендеріне алғысымыз шексіз. Осы мұрындық болған бастаманы, жалпы Облыстық мәслихаттың депутаттары, аудандық мәслихаттың депутаттары лек-легімен өздері кезекке тұрып, бүгінгі таңдағы Елбасының тікелек тапсырмасы болған тұғы.

Игі іске бастамашылардың бірі  - Медет Тайманов. Ол қасиетті Рамазан айында зекет  ретінде аудандағы 200 отбасыға бір айға жететін азық түлік өнімдерін  таратып берді. Бұл -  2 миллион 520 теңгенің тауары. Одан бөлек, баспана азабын тартып жүрген отбасыларға 100 мың теңгеден қаржылай көмек берілді.  

Медет Тайманов – «ТӘЖ ломбард» ЖШС атқарушы директоры

Бүгін айлардың сұлтаны – Ораза айында беріп отырған зекет, садақаларымыз қабыл болсын дейміз. Осы үш жыл, төрт жылдың көлемінде Мақтарал ауданына жылына әрдайым жүз адамға көмек беріп келгенбіз. Алла нәсіп етіп, мына биылғы Оразамызға екі жүз отбасыға көмектесуге нәсіп еткен екен. Қазіргі таңда екі жүз отбасыны бір айлық азық-түлікпен қамтамасыз етіп жатырмыз. 

Қолы ашықтың - жолы ашық. Ұйымдастырушылар бұған дейін қайырымдылық акциясын Мақтаарал ауданында өткізген болатын. Бүгін Жетісайдың жүз тұрғынын  қуанышқа бөлеп отыр.

Айгүл Барлыбаева - ІІ топтағы мүгедек

Елбасына көп-көп рақмет! Сөйтіп біз сияқты зағип жандарға , инвалидтерге көмек беріп жатқандығына. Мына ағаларымыз келіп жәрдем етіп жатыр. Сол кісілер әр праздник сайын біздің көңілімізді көтеріп отырады.

«Әлеуметтік қолдау – әлеуетті қолдау». Ел партиясының акциясы мұндай игі шараны жыл сайын ұйымдастырады. Сауабы Алладан болатын акцияға төрт жылдан бері «ТӘЖ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі де атсалысып жүр.  

Г. ҚАЛМЫРЗАҚЫЗЫ

Тақырып бойынша материалдар

ҚОСТҰРА БАУРАЙЫНДА ҚЫМЫЗМҰРЫНДЫҚ  БЕРІЛДІ
13:22, 18 маусым 2018
ҚОСТҰРА БАУРАЙЫНДА ҚЫМЫЗМҰРЫНДЫҚ БЕРІЛДІ
Толығырақ...
Шудағы пойыз апаты: Қаза болған жасөспірім мен зардап шеккендердің тізімі жарияланды
11:05, 18 маусым 2018
Шудағы пойыз апаты: Қаза болған жасөспірім мен зардап шеккен...
Толығырақ...
ҰЗЫНДЫҒЫНАН ТМД-ДА ТЕҢДЕСІ ЖОҚ АКВАПАРК АШЫЛДЫ
11:01, 18 маусым 2018
ҰЗЫНДЫҒЫНАН ТМД-ДА ТЕҢДЕСІ ЖОҚ АКВАПАРК АШЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Қ.А.ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХҚТУ-НІҢ РЕКТОРЫ АУЫСТЫ
15:58, 12 маусым 2018
Қ.А.ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХҚТУ-НІҢ РЕКТОРЫ АУЫСТЫ
Толығырақ...
БҮГІН ШЫМКЕНТТЕ ТАРИХИ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ ЗОР ОҚИҒА БОЛДЫ
17:03, 14 маусым 2018
БҮГІН ШЫМКЕНТТЕ ТАРИХИ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ ЗОР ОҚИҒА БОЛДЫ
Толығырақ...
ЖАҢА ФОРМАТТАҒЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
18:28, 11 маусым 2018
ЖАҢА ФОРМАТТАҒЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
Толығырақ...