ШҰҒЫЛ! ТЕГІН БЕРІЛЕТІН ДӘРІ-ДӘРМЕКТІ САТҚАН Толығырақ

201 ТАЛАПКЕР ҰБТ-ДАН ШЕТТЕТІЛДІ

19:12, 29 маусым 2020

Елімізде Ұлттық бірыңғай тестілеу мәресіне таяп келеді. Түркістан облысында 3-шілде күні сынақ тапсыру жұмыстары аяқталады. Биылғы жылы қандай ерекшеліктер болды? Қанша оқушы тестілеуге келмеген? Бұл туралы сала мамандары журналистермен өткізген брифингте айтып берді.

Түркістан облысындағы білім ұяларын биыл  24658 оқушы тәмамдады. Оның 18389-ы Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуға өтініш берген.  Дәл бүгінге дейін 14681 талапкер сынақ тапсыру керек болатын. Алайда оның 860-ы тестілеуге  келмеген. Оның бірнеше себебі бар.Ауырып қалғандар бар, әскерге шақыртылғандар бар, тестілеу қатаң өтеді,- деп келмегендер де көп. Биыл, ата-аналар сынақ барысын аудиторияларда орнатылған бейнекамералардан бақылап отыруға мүмкіндік алды.  Алайда , техниканың істен шығуы да кездесіп жатыр.

Құдайберген Шербаев - Түркістан облысы бойынша Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті басшысының орынбасары

Отырар ауданы мен Жетісай ауданында техниканың істен шығуына байланысты тестілеу жұмыстары кейінге қалдырылды.

Биылғы тексеру жылдағыдан қатаңдатылды. Дегенмен тәртіп бұзғандар жетерлік. 

Құдайберген Шербаев - Түркістан облысы бойынша Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті басшысының орынбасары

2011-01 Шәуілдір ауылында 26 маусымда сағат 12, шамасында 10 минутта бейнебақылау камерасы өшірілген. Түлкібас ауданында комиссия төрағасы ауырып қалып, орынна басқа маманды жіберген. Бұлар оқушыларға көмек беріп жатқан кезде бейнекамераға түсіріліп алып ұсталды. Олардың үстінен қылмыстық іс қозғалды.

Жалпы алғанда бұдан былай тек өзіне сенімділер ғана тестілеуге қатысатын секілді.  Сырттан көмек беру, жауап тасу, әртүрлі техниканы қолдану,  өткен шақта қалды.   Ал, түрлі заттармен ұсталған 201 оқушы тамыз айында қайтадан сынақ тапсыруына болады. Тек олар биылғы грант конкурсына қатыса алмайды. Яғни ақылы оқуға ғана түсе алады.

Н.Кенжехан                      

Тақырып бойынша материалдар

ШЫМКЕНТТЕ 9 ДӘРІГЕР ПНЕВМОНИЯДАН ҚАЙТЫС БОЛДЫ
13:17, 8 шілде 2020
ШЫМКЕНТТЕ 9 ДӘРІГЕР ПНЕВМОНИЯДАН ҚАЙТЫС БОЛДЫ
Толығырақ...
 КЕЛЕСТІКТЕР ҚОҚЫСТЫ ДА КӘДЕГЕ ЖАРАТУДА
13:09, 8 шілде 2020
КЕЛЕСТІКТЕР ҚОҚЫСТЫ ДА КӘДЕГЕ ЖАРАТУДА
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КАРАНТИН КЕЗІНДЕ ҚҰДАЛЫҚ ӨТКІЗГЕН МЕЙРАМХАНА АНЫҚТАЛДЫ
15:40, 2 шілде 2020
КАРАНТИН КЕЗІНДЕ ҚҰДАЛЫҚ ӨТКІЗГЕН МЕЙРАМХАНА АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...
ШЫМКЕНТЕ ӘЙЕЛ КӨПІРДЕН СЕКІРІП КЕТПЕК БОЛДЫ
16:30, 2 шілде 2020
ШЫМКЕНТЕ ӘЙЕЛ КӨПІРДЕН СЕКІРІП КЕТПЕК БОЛДЫ
Толығырақ...
АУРУДЫҢ АЛДЫН АЛУДЫҢ ТӨТЕ ЖОЛЫ  КАРАНТИН
16:32, 2 шілде 2020
АУРУДЫҢ АЛДЫН АЛУДЫҢ ТӨТЕ ЖОЛЫ КАРАНТИН
Толығырақ...