ШҰҒЫЛ! ЕЛБАСЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫ (ТОЛЫҚ НҰСҚА) Толығырақ

21 жастағы азамат депутат болуға ниет білдірді

18:39, 4 қазан 2017

Қазанның 29-ы күні күнгей өңір тұрғындары Облысымыздағы түрлі деңгейлердегі мәслихаттарда босаған депутаттық орындарға таңдау жасайтын болады. Бүгіннен бастап үміткерлер үгіт-насихат жұмыстарына қызу кірісіп кетті. Осыған байланысты облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Әлібек Өмірәлиев БАҚ өкілдеріне арнайы сұхбат берді.

         Оның айтуынша, қазанның 3-і күні үміткерлерді тіркеу толық аяқталған. Ұсынылған 38 үміткердің 2-і нәзік жандылар. 1-уі өзбек ұлтының өкілі. Облыстық мәслихатқа 23, қалалыққа 12, ал аудандық мәслихатқа 3 үміткер тіркелген. Айта кетейік, биыл ең жас үміткер №11-шы сайлау округінен. Жанғали Темірбаев 21 жасында халық қалаулысы атанғысы келеді. Ал 64 жасар Сәрсенбек Жарқынбеков пайғамбар жасынан асса да пайымды пікірі, өзекті ойлары арқылы қоғам түйткілдерін шешуге атсалысуға ниетті. Биыл 7 үміткер Нұр Отан партиясының атынан ұсынылса, 1-уі Ақжолдықтардың жалауын жалғыз үміткер желбіретпек. Облыстық аумақтық сайлау комиссиясының мамандары БАҚ өкілдерімен бірлесе жұмыстар атқаруға ниетті екендіктерін жеткізді.

C. Есімбеков

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

КЕЙБІР АУДАНДАРДА ЖЫЛУ БЕРУ МАУСЫМЫ БАСТАЛДЫ
16:08, 17 қазан 2018
КЕЙБІР АУДАНДАРДА ЖЫЛУ БЕРУ МАУСЫМЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
ЖОЛДАУ – ҚАЗАҚСТАН  ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ
18:01, 17 қазан 2018
ЖОЛДАУ – ҚАЗАҚСТАН ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ
Толығырақ...