ШҰҒЫЛ! ЕСКІ КӨЛІГІҢІЗДІ ӨТКІЗДІҢІЗ БЕ? Толығырақ

22 АДАМ СУҒА КЕТКЕН

18:26, 4 тамыз 2020

Жыл басынан бері Түркістан облысында 22 адам суға кеткен. Жедел құтқару шараларының нәтижесінде 3 адам құтқарылған. Өкініштісі суға кеткендердің басым көпшілігі жасөспірімдер мен балалар. Бұл туралы төтенше жағдайлар департаментінде өткен брифингте айтылды.

Облысымызда  соңғы аптада суға кету жағдайлары жиілеген. Тек 28 шілде мен 4 тамыз аралығында ғана  4 адам суға кеткен. Күні кеше Арыс қаласы Жиделі ауылында үш досымен шомылуға барған  2006 жылғы жасөспірім суға батқан. Мамандар өткен жылмен салыстырғанда суға кету жағдайлары 48 пайызға азайғанын,-айтады.Дегенмен су айдындарының жабық екендігін ескерсек бұл көрсеткіш көңіл көншітпейді. Күнделікті жүргізіліп жатқан рейд нәтижесінде рұқсат етілмеген жерде суға шомылған азаматтарға  563 ескерту жасалып, 11  айыппұл салынған.

Ерік Сарыбаев -  Түркістан облысы бойынша ТЖД бастығының орынбасары

Жиделі елді мекенінен 2 щақырымда орналасқан Сырдария өзеніне суға түсу кезінде 2006 жылғы бала суға кетіп отыр. Қазіргі таңда іздестірілу жұмыстары жүргізілуде. Өздеріңіз байқағандай Сырдария өзенінде өте көп жағдай тіркелуде. Жартысынан көбі Сырдария өзенінде орын алып отыр. Өзеннің құбылмалы өзен екенін айтқым келеді. Ені 120 метр мен 150 ге дейін барады. Кей  жерлерде ағысы қатты болғандықтан сақ болуға шақырамын.

Өрт жағдайлары да жиілеп кетті. Соңғы аптаның өзінде құтқарушыларға  92  қоңырау шалынған.  Таяуда  Абай ауылындағы  дүкен жанып кетті. Дегенмен адамдар аман.

Ерік Сарыбаев -  Түркістан облысы бойынша ТЖД бастығының орынбасары

Қазіргі таңда болып жатқан өрттің көбі Қорықтарда, адамдар демалатын орындарда көп орын алып отыр. Шамалы жел тұрумен өрттің өршу оқиғалары орын алып жатыр. Осыған байланысты өрт қауіпсіздігін қатағ сақтауға шақырамын.

Дер кезінде шалынған қоңырау азаматтардың өмірін арашалап қалады. Дегенмен өртті болдырмау шарасын қатаң ұстанғанымыз жөн.

Р.Бектұрғанұлы         

 

Тақырып бойынша материалдар

ХАЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ СЕКТОРЫ АШЫЛДЫ
19:03, 22 қазан 2020
ХАЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ СЕКТОРЫ АШЫЛДЫ
Толығырақ...
СУРЕТШІЛЕРГЕ АРНАЛҒАН ШЕБЕРЛІК САБАҒЫ
18:49, 22 қазан 2020
СУРЕТШІЛЕРГЕ АРНАЛҒАН ШЕБЕРЛІК САБАҒЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ ҚЫЗЫҒЫ МЕН ШЫЖЫҒЫ
13:41, 16 қазан 2020
БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ ҚЫЗЫҒЫ МЕН ШЫЖЫҒЫ
Толығырақ...