ШҰҒЫЛ! ҚҰРБАН АЙТ НАМАЗЫ ОҚЫЛМАЙДЫ Толығырақ

22 ТҮРЛІ 128 МЫҢНАН АСТАМ ДӘРІЛІК ЗАТТАР ДӘРІХАНАҒА ТҮСЕДІ

12:32, 16 шілде 2020

Осы аптаның соңына дейін Түркістан облысында 22 түрлі дәрі-дәрмектің 128 мыңнан астам данасы дәріхана сөрелеріне сатылымға шығады. Бұдан бөлек, шілде айының 20-нан кейін Түркия елінен облысқа 41 түрлі еуропалық сапасы жоғары дәрілік заттар жеткізіледі. Облыстағы дәрі-дәрмек жетіспеушілігін жою мақсатында өткен аптада Түркістан қаласына 136 түрлі 2 тонна дәрі-дәрмек келсе, бүгін 20 млн теңгеге 140 түрлі дәрілік препараттар жеткізілді.

Дәріханаға түскен дәрілер шекті бағамен сатылады. Бұл процесті құрамына сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік өкілдері, «Nur Otan» партиясы өңірлік филиалы Төрағасының Бірінші орынбасары, басқарма басшылары, әкімдік қызметкерлері және облыстық жастар ресурстық орталығының басшысы кіретін мониторингтік топ бақылайды. Аталған дәрілер жергілікті әкімдіктермен Меморандумға отырған 153 дәріханаға таратылады. Меморандумда әкімдік пен дәріхана міндеттемелері айқын көрсетілген. Атап айтқанда, аудан-қала әкімдіктері медициналық заттар мен дәрілік препараттардың сатылымға шығуын үйлестіреді және бақылайды. Ал дәріханалар медициналық заттар мен дәрілік препараттардың шекті бағасын ұстанады. Антибиотиктер мен антикоагулянттар дәрігер жазып берген рецепт бойынша ғана босатылса, өзге дәрілер де бір адамға екі данадан ғана сатылады. Дәріхана иесі Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен хаттамаға сәйкес сатылымдағы дәрілік заттың 41 атауы және шекті бағасы жазылған тізімді дәріханаға адам көзіне бірден түсетін жерге іліп қоюы тиіс.


 

Тақырып бойынша материалдар

ОНЛАЙН ҚҰРБАН ШАЛУ ШАРАСЫ ҚАНДАЙ ДЕҢГЕЙДЕ ӨТТІ?
18:47, 4 тамыз 2020
ОНЛАЙН ҚҰРБАН ШАЛУ ШАРАСЫ ҚАНДАЙ ДЕҢГЕЙДЕ ӨТТІ?
Толығырақ...
100 МЫҢНАН АСТАМ АЗАМАТТАН COVID-19-ҒА СЫНАМА АЛЫНҒАН
18:34, 4 тамыз 2020
100 МЫҢНАН АСТАМ АЗАМАТТАН COVID-19-ҒА СЫНАМА АЛЫНҒАН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

42 500 ТЕҢГЕГЕ ӨТІНІШТЕР 1-ҚЫРКҮЙЕККЕ ДЕЙІН ҚАБЫЛДАНАДЫ
15:36, 29 шілде 2020
42 500 ТЕҢГЕГЕ ӨТІНІШТЕР 1-ҚЫРКҮЙЕККЕ ДЕЙІН ҚАБЫЛДАНАДЫ
Толығырақ...
ЖАҢАШЫЛДЫҚ -  ЖАҢА  НӘТИЖЕЛЕРГЕ ЖЕТКІЗУДЕ
15:04, 29 шілде 2020
ЖАҢАШЫЛДЫҚ - ЖАҢА НӘТИЖЕЛЕРГЕ ЖЕТКІЗУДЕ
Толығырақ...