ШҰҒЫЛ! ТӘРТІП – БАРШАҒА ОРТАҚ! Толығырақ

2448 ЖЕР УЧАСКЕСІ МЕМЛЕКЕТ МҰҚТАЖЫНА ҚАЙТАРЫЛАДЫ

18:26, 29 мамыр 2020

Шымкент қаласының әкімі М.Әйтеновтің төрағалығымен қала аумағындағы жер учаскелерін мемлекет мұқтажына қайтару бойынша жиын өтті.Онда жер қатынастары басқармасының басшысы Берік Әшірбеков нысандардың құрылысын жүргізуге мемлекет мұқтажы үшін 2448 жер учаскесі бойынша қаулы шығарылғанын атап өтті

Берік Әшірбеков – Шымкент қаласы жер қатынастарыбасқармасының басшысы

Аталған нысандарға ағымдағы жылы 3,7 млрд. теңге қаражат қарастырылған. Мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығарылатын жер учаскесінің, сондай-ақ жер учаскесінде орналасқан жылжымайтын мүліктің құны, олардың нарықтық құны мөлшерінде айқындалады. Бүгінгі таңда алаңы 17,3 гектарды құрайтын 152 жер учаскесін  қайтаруға 1 млрд. 458 млн. теңге жұмсалған.

Оның айтуынша, ағымдағы жылдың бес айында тұрғын үйлер құрылысы мен жол құрылысына, жаңа терминал мен жұқпалы ауруханаға және мектеп пен жасыл аймақ құру сынды 11 нысанның құрылысы үшін мемлекет мұқтажына қарастырылған жер учаскелері толықтай қайтарылған.
Қала басшысы жиын барысында құрылыс жұмыстарына қажетті жер учаскелерін мемлекет мұқтажына қайтару жұмыстарына қарқын беруді атап өтті. Сондай-ақ, бірінші кезекте әлеуметтік маңызы бар нысандар үшін қажетті жер телімдерін қайтаруды тапсырды. 

Мұрат Әйтенов – Шымкент қаласының әкімі

Жоспарланған құрылыстың созылуына алып келетін мәселенің бірі меншік иелерінің бағаланған мүліктің құнына келіспейтіндігі. Сондықтан құнын айқындауда меншік иесінің құқығы қорғалып, нарықтағы құнмен өтелуі тиіс.  Сонымен қатар, қалада жүзеге асырылып жатқан жобалардың маңыздылығы туралы тұрғындарға дұрыс түсіндіру қажет

Еске салып өтейік, өткен жылы 199 жер учаскелері, яғни 61,8 га жер мемлекетке қайтарылған. Оған 2 млрд. 301 млн. теңге қаражат бөлінген болатын.

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ШЫМКЕНТКЕ  ҚАЖЕТТІ ДӘРІ - ДӘРІМЕКТЕР ЖЕТКІЗІЛДІ
16:53, 16 шілде 2020
ШЫМКЕНТКЕ ҚАЖЕТТІ ДӘРІ - ДӘРІМЕКТЕР ЖЕТКІЗІЛДІ
Толығырақ...
22 ТҮРЛІ 128 МЫҢНАН АСТАМ ДӘРІЛІК ЗАТТАР ДӘРІХАНАҒА ТҮСЕДІ
12:32, 16 шілде 2020
22 ТҮРЛІ 128 МЫҢНАН АСТАМ ДӘРІЛІК ЗАТТАР ДӘРІХАНАҒА ТҮСЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БАСПАНА СЫЙЛАП, ҚОРАСЫН МАЛҒА ТОЛТЫРДЫ
17:05, 10 шілде 2020
БАСПАНА СЫЙЛАП, ҚОРАСЫН МАЛҒА ТОЛТЫРДЫ
Толығырақ...
ДӘРІГЕРЛЕР ДҮНИЕДЕН ӨТКЕН ӘРІПТЕСТЕРІН ҮНСІЗДІКПЕН  ЕСКЕ АЛДЫ
19:19, 13 шілде 2020
ДӘРІГЕРЛЕР ДҮНИЕДЕН ӨТКЕН ӘРІПТЕСТЕРІН ҮНСІЗДІКПЕН ЕСКЕ АЛД...
Толығырақ...