ШҰҒЫЛ! ЖҮРЕККЕ ЖАБЫҚ ТҮРДЕ ЖАСАЛҒАН ОТА СӘТТІ ӨТТІ! Толығырақ

«2GIS-SHYMKENT» ЖШС АРАСЫНДА ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ МЕМОРАНДУМЫНА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

18:23, 16 қазан 2020

Киелі тарихи орындарды нақтылау Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы шеңберінде «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» арнайы жобасы аясында іске асырылып отыр. Осыған орай, «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты» мен «2GIS-Shymkent» ЖШС арасында ынтымақтастық меморандумына қол қойылды.

Шымкент қаласында 7 нысан республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енді. Тағы 8 нысан жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне қосылған. Қалада  республикалық маңызы бар тізімге енген 7 нысанның барлығы да Сайрам тұрғын алабында орналасқан. Алтау қала құрылысы және сәулет ескерткіштерінің санатына енсе, қалған біреуі Сайрам қалашығы археологиялық ескерткішіне жатады.
Жанар  Боқанова  – «Рухани жаңғыру» орталығының басшысы
Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде халық арасында сакралдық және тарихи объектілерге деген қызығушылық артуда. Осыған орай, «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты» мен «2GIS-Shymkent» ЖШС арасында ынтымақтастық меморандумына қол қойылды.Басты мақсат қаладағы тарихи нысандарды қайта жаңғыртып, туризм саласын дамыту,-  деді Олжас Шынтаев.
Олжас Шынтаев – Туризм басқармасының басшысы
Арнайы жоба шеңберінде және еліміздің тарихи-мәдени мұрасын ауқымды жүйелендіру нәтижесінде 700-ден астам объектіні қамтитын Қазақстанның сакралдық орындарының тізімі қалыптастырылды. Сондай-ақ республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінде ғылыми-реставрациялау жұмыстары жүргізіліп, осы объектілердің инфрақұрылымын дамыту бойынша және QR-кодтар орналастыру жұмыстары қолға алынды.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

АБАЙ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ   9 АЙЛЫҚ ЕСЕБІ ТЫҢДАЛДЫ
18:39, 21 қазан 2020
АБАЙ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ 9 АЙЛЫҚ ЕСЕБІ ТЫҢДАЛДЫ
Толығырақ...