ШҰҒЫЛ! ТАБИҒИ ГАЗДАН УЛАНЫП 7 АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ Толығырақ

3 800 КОМПЬЮТЕР БАЛАЛАРҒА ТЕГІН БЕРІЛЕДІ

19:27, 16 қыркүйек 2020

Пандемия кезінде қашықтықтан оқуға көшкен білім жүйесі біртіндеп оңалып келеді. Ауадай қажет болған компьютер тапшылығын жою мақсатында, бүгін Шымкент мектептеріне 3800 қажетті құрал жабдықтар таратыла бастады. Жалпы осы айдың соңына дейін 36 мың дана компютер жеткізіледі. Олардың діттеген жеріне жетуін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Шымкент қалалық департаменті жанындағы «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің қызметкерлері бақылауға алды.

Қашықтықтан білім беру жағдайында шымкенттік 80 мыңнан астам оқушының компьютерден тапшылық көріп отырғандары анықталған. Бұл мәселені шешудің жолын қарастыру барысында білім ұяларындағы 10 мыңға жуық компьютерлер үлестіріліп берілді. Оған қосымша жаңа оқу жылы басталмас бұрын 10 975 құрал сатып алынып таратылған. Алайда, компьютер тапшылығы әлі де сезілуде. Бүгін, міне тағы да 3800 қажетті құрал қала мектептеріне таратыла бастады. Олар бірінші кезекте әлеуметтік жағдайы төмен отбасы балаларына беріледі. 

Жанат Тәжиева – Шымкент қалалық білім басқармасының басшысы

Бас-аяғы 36 мың компьютер сатып алуға республикалық және жергілікті қазынадан 4,5 млрд теңге бөлінген екен. Ол құралдар түгелімен қыркүйектің соңына дейін Шымкентке жеткізіледі деп жоспарлануда. Оның 5 мыңы отандық өнім. Оқушыларға ауадай қажет болып тұрған бұл компьютерлердің діттеген жерлеріне жету жағы қатаң бақылауға алынған.

Нариман Қасымбеков – ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Шымкент қалалық департаментінің басқарма басшысы

Тегін үлестіріліп жатқан бұл компьютерлер мемелекеттің мүлігі болып саналады. Сондықтан оған ата-аналар мен балалар үлкен жауапкершілікпен қарағандары жөн. Уақыты келгенде кері қайтарылатын құралдар бұзылған жағдайда ата-аналар жауапкершілікке тартылмақ. Ал, интернетке қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін мемлекет бөлген қаржыдан бөлек Қазақтелеком өз есептерінен 3800 отбасыға ғаламтор желісін тартып беріпті.

Г. Асқарқызы                                                      

Тақырып бойынша материалдар

АБЫРОЙЛЫ ЕҢБЕК–НӘТИЖЕЛІ ЖҰМЫСТЫҢ ЖЕМІСІ
10:56, 23 қыркүйек 2020
АБЫРОЙЛЫ ЕҢБЕК–НӘТИЖЕЛІ ЖҰМЫСТЫҢ ЖЕМІСІ
Толығырақ...
ТҮРКІСТАНДЫҚ ҮМІТКЕРЛЕР ПІКІР САЙЫСТЫ
10:54, 23 қыркүйек 2020
ТҮРКІСТАНДЫҚ ҮМІТКЕРЛЕР ПІКІР САЙЫСТЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

XV ҒАСЫРДА СОҒЫЛҒАН ТҰРҒЫН ҮЙ МЕН КЕСЕНЕ ОРНЫ АНЫҚТАЛДЫ
18:56, 21 қыркүйек 2020
XV ҒАСЫРДА СОҒЫЛҒАН ТҰРҒЫН ҮЙ МЕН КЕСЕНЕ ОРНЫ АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...
ТҮРКИЯДАН ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК КЕЛДІ
19:31, 16 қыркүйек 2020
ТҮРКИЯДАН ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК КЕЛДІ
Толығырақ...