ШҰҒЫЛ! 700 КЕЛІ ЕСІРТКІ ТӘРКІЛЕНДІ Толығырақ

30 МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫННЫҢ КОММУНАЛДЫҚ ШЫҒЫНЫ ӨТЕЛЕДІ

16:15, 11 қыркүйек 2020

Шымкент қаласында төтенше жағдай кезеңінде халықтың коммуналдық қызметтерінің шығындарын өтеу туралы 28 236 азаматтың өтінімі мақұлданған. Осы мақсатта арнайы Call-орталығы ашылған болатын. Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы мамандарының айтуынша, аталған орталыққа 35 мыңға жуық адам қоңырау шалып, ақпараттық кеңес алған.

p>Төтенше жағдай кезеңінде халықтың коммуналдық қызметтерінің шығындарын өтеп беру қызметіне сәйкес мамыр-маусым айындағы жоспарланған 527 миллион теңге толығымен игеріліп, 17 566 тұрғынның дербес есепшоттарына аударылған. Бұл бөлінген қаражаттар азаматтарға коммуналды қызмет беруші мекеме тарапынан берілген түбіртектерде маусым-шілде айларында көрінеді екен. Сондай-ақ, қыркүйек айының соңына дейін 10 670 абонент бойынша коммуналдық қызмет көрсететін мекемелерге 320,1 миллион тенге аударылады.

 

Коммуналдық мекеме қызметкерлері аударылған төлемдерді абоненттердің дербес шотына жеке-жеке жіберетін болғандықтан, түбіртектегі ақпараттар жеке шоттарда  есептелгеннен кейін ғана көрінетін болады. Айта кетейік, биыл 21 сәуір - 25 маусым аралығында communal-komek.kz ақпараттық жүйесіне 34 171 өтініш келіп түскен. Оның ішінде 1,2,3 топтағы мүгедектер – 10 858; ҰОС мегедектері мен қатысушылары – 800; мүгедек балаларды тәрбиелеуші отбасылар – 1680; көпбалалы отбасылар – 12080; ең төменгі және аз зейнетақы алатын, жалғызбасты зейнеткерлер – 4842; мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді, құқық тәртібін қорғау, әскери қызметін орындау кезінде қайтыс болған адамдардың отбасылары – 83, атаулы әлеуметтік көмек алатындар – 3828.

 

Тақырып бойынша материалдар

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ КОРЕЯНЫҢ БАС КОНСУЛЫМЕН КЕЗДЕСТІ
18:32, 30 қыркүйек 2020
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ КОРЕЯНЫҢ БАС КОНСУЛЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Толығырақ...
ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУДА ҚАЛА КӨШБАСШЫЛАР ҚАТАРЫНДА
18:30, 30 қыркүйек 2020
ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУДА ҚАЛА КӨШБАСШЫЛАР ҚАТАРЫНДА
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚР Президентінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрайымы Л.К.Рамазанованың қатысуымен отбасы және гендерлік саясат мәселелері жөніндегі жедел онлайн-кеңес өтті
17:06, 25 қыркүйек 2020
ҚР Президентінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-дем...
Толығырақ...
БАҚШАДА  БАЛА  ЖОҚ...  ЕСЕСІНЕ  ӨНІМ  КӨП
15:50, 25 қыркүйек 2020
БАҚШАДА БАЛА ЖОҚ... ЕСЕСІНЕ ӨНІМ КӨП
Толығырақ...