ШҰҒЫЛ! ҚҰРБАН АЙТ НАМАЗЫ ОҚЫЛМАЙДЫ Толығырақ

4 АДАМДЫ АТЫП КЕТКЕН

16:05, 14 шілде 2020

Айдың күннің аманында Шымкентте 4 бірдей адамды атып кетті. Қайғылы оқиға Қаратау ауданының аумағындағы Пахтакор елдімекенінде болған. Екі ер адамның мәйіті есік алдындағы автокөлік ішінен табылса, тағы екі адамның өлі денелері үй ішінен шыққан.

Кеше кешкісін қала шетіндегі шағынауданды дүр сілкіндірген  оқиға 4 бірдей адамның қазасымен аяқталған. Сағат кешкі 17,00 дер шамасында атыс қаруының дауысына аса мән бермеген көршілер, мән- жайды кейіннен біліп полиция шақыртыпты. Қаза тапқан 4-еудің бірі Қарабура әулие көшесінің тұрғыны екендігін көршілері айтып отыр. Ал, қалған 3-еуінің кімдер екендігі әзірге белгісіз. Араларында 1 әйел адамының мәйіті бар. Тұрғындардың айтуына қарағанда қаза тапқан 35-ті алқымдаған Фарух есімді жігіт, газ саласында жұмыс істейтін көрінеді.

Балғын Алтаева – Қарабура әулие көшесінің тұрғыны

Қайғылы оқиғаның қалай болғаны белгісіз. Шымкент қалалық полиция департаментінің өкілі мәселенің мән-жайын анықталып жатқанын жеткізді. Толық қанды мәліметті алдағы уақытта айтатындарын алға тартты. Бұл жағдай біздің бақылауымызда.

 Г. Асқарқызы

Тақырып бойынша материалдар

ОНЛАЙН ҚҰРБАН ШАЛУ ШАРАСЫ ҚАНДАЙ ДЕҢГЕЙДЕ ӨТТІ?
18:47, 4 тамыз 2020
ОНЛАЙН ҚҰРБАН ШАЛУ ШАРАСЫ ҚАНДАЙ ДЕҢГЕЙДЕ ӨТТІ?
Толығырақ...
100 МЫҢНАН АСТАМ АЗАМАТТАН COVID-19-ҒА СЫНАМА АЛЫНҒАН
18:34, 4 тамыз 2020
100 МЫҢНАН АСТАМ АЗАМАТТАН COVID-19-ҒА СЫНАМА АЛЫНҒАН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

42 500 ТЕҢГЕГЕ ӨТІНІШТЕР 1-ҚЫРКҮЙЕККЕ ДЕЙІН ҚАБЫЛДАНАДЫ
15:36, 29 шілде 2020
42 500 ТЕҢГЕГЕ ӨТІНІШТЕР 1-ҚЫРКҮЙЕККЕ ДЕЙІН ҚАБЫЛДАНАДЫ
Толығырақ...
ЖАҢАШЫЛДЫҚ -  ЖАҢА  НӘТИЖЕЛЕРГЕ ЖЕТКІЗУДЕ
15:04, 29 шілде 2020
ЖАҢАШЫЛДЫҚ - ЖАҢА НӘТИЖЕЛЕРГЕ ЖЕТКІЗУДЕ
Толығырақ...