ШҰҒЫЛ! АЛҒАШҚЫ НЫСАН ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ Толығырақ

4 БӨЛМЕЛІ БАСПАНА 400 МЫҢ ТЕҢГЕ!

11:57, 12 тамыз 2019

Баспана мен жұмыссыздық мәселесі бар жерлестерге жеңілдік көп. Еліміздің солтүстік өңірлерінен 300-400 мың теңгеге үй сатып алуға болады. Сондай-ақ, ол қаражатты өкімет өзі төлеп береді. Қоныстанған отбасы мүшелері жұмыспен де қамтылады. Ең маңыздысы – солтүстік өңірге көшіп, кәсіп ашам деген азамататтарға қайтарымсыз несие де тағайындалған. Солтүстікке барып, өңірдің тыныс-тіршілігімен танысып қайтқан тілшіміз тарқатсын.

Бұл СҚО, Мағжан Жұмабаев ауданына қарасты Октябрьское ауылы. Ауыл шаруашылығына қолайлы болғандықтан, өңірге оңтүстіктен көшіп келетін көпшілік жер жыртып, егінмен айналысқанды жөн көреді.Ал шөбі шүйгін ауыл маңында мал ұстайтындар да жетерлік. Солардың бірі- Мақсат Есжанов. Осыдан бір жыл бұрын Түркістан облысынанкөшіп келген ол мемлекеттен қайтарымсыз несие алған. Қазіргі таңда 10 бас ірі қара мал ұстап отыр.

 Мақсат Есжанов –М.Жұмабаев ауданының тұрғыны

Түркістан облысынан көшіп келдік. 4 балам бар. Халық өте жақсы қарсы алды. Қазір мал алып, қосымша мал дабағып отырмыз. Ауа райына да үйреністік. Меніңше, адамда қалау болса, қайда болса да тұра алады. Бастысы, отбасы қасында болса болды.

Мақсат осы ауылдағы мектепте АӘД пәнінен сабақ береді. Айтуынша, ауыл тұрғындары қоныс аударушыларды жақсы қарсы алған. Өйткені, оңтүстіктен келгендер өңір әлеуетін арттырумен қатар, солтүстіктегі орта мектептерде оқушы санын арттыруға да сеп болып отыр.

Нұрболат Ешентаев -  Октябрьское ауылының әкімі         

Өзім Сарыағаштанмын. Қазір ауылда 10 отбасы бар көшіп келген. Өзім де оңтүстіктен көшіп келдім. Бәрі жзақсы. Бір ауыл болып, бір ел болып тірлік атқарып жатырмыз

Қазір аталмыш ауылға жылы жақтан көшкен бірнеше отбасы бар. Келесі жылы келетін ағайынға  4 үй салынуда, тағы 5 баспана салу жоспарда тұр.  Қазір бұл ауылға  ауыл шаруашылығымен айналысатын 4 жанұя жаңадан салынып жатқан үйлерге көшіп баруға дайын.

Д.Нахыпбек

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ЕРЕЖЕСІЗ ЖЕКПЕ-ЖЕККЕ ҚЫЗЫҒУШЫ ЖАСТАР КӨП
13:14, 16 тамыз 2019
ЕРЕЖЕСІЗ ЖЕКПЕ-ЖЕККЕ ҚЫЗЫҒУШЫ ЖАСТАР КӨП
Толығырақ...