ШҰҒЫЛ! ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ АРДАГЕРЛЕР ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ Толығырақ

4 ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒА ҚЫЗМЕТІНЕН БОСАТЫЛДЫ

17:59, 16 шілде 2019

Түркістан облысында барлығы 606 мемлекеттік орган жұмыс істейді. Оның 445-і жергілікті атқарушы және 161-і орталық органдардың аумақтық департаменттері. Бүгін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы І жарты жылдықта атқарылған жұмыстарды баяндады.

Соңғы алты айда Департамент тарапынан 32 тексеру жүргізіліп, 1 558 құқық бұзушылық анықталды.Заң бұзушылықтарды жою мақсатында 20 қызметкерге тәртіптік жаза қолданылып, 9 лауазымды тұлғаға әкімшілік тарапынан іс қозғалған. Нәтижесінде 231 300 теңге айыппұл өндірілді.  

Ғалым Тұрсынбаев – ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы

Әдеп жөнідегі қарау нәтижесінде 13 адамға ескерту, 1 сөгіс, 4 ескерту. 4 лауазымды тұлға қызметінен босатылды. Әкімшілік істер қозғалып, айыппұл салынды.  Ауыл әкімінне әкімшілік шара қолданды.

 Мансаптық жоғарлату ішкі конкурстар нәтижесінде 242 мемлекеттік қызметші, жоғары лауазымдарға тағайындалған. Сөйтіп  мансаптық өсу көрсеткіші 67 % құрапты. Ал ҚР заңнамаларын білу деңгейін анықтауға арналған тестілеу рәсіміне барлығы – 914 адам қатысып, оның 293 оң бағаға ие болған.

 Ғалым Тұрсынбаев – ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы

Былтырдан бастап тестілеу жұмыс істеп жатыр. 6 айдың ішінде 954 адам тестілеу қатысты. Оның 32 пайызы оң нәтижесін алды. Сарыағаш ауданында тістілеу орталығы ашылмақ.

Жалпы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытында 300 мыңнан астам адамды қамтыған 1700-ге жуық шара ұйымдастырылды. Оның ішінде, мектептер, колледждер және жоғары оқу орындарында 110 түсіндіру жұмыстары жүргізілген. Ал «Түркістан – адалдық алаңы» жобасы аясында – 700 -ден  астам шаралар атқарылды.  

 

А. Бидан  

 

Тақырып бойынша материалдар

ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ АРДАГЕРЛЕР ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
20:30, 13 желтоқсан 2019
ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ АРДАГЕРЛЕР ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Толығырақ...
МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ –  ХАЛЫҚ ИГІЛІГІ ҮШІН
20:26, 13 желтоқсан 2019
МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ – ХАЛЫҚ ИГІЛІГІ ҮШІН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАТЕЛІККЕ ЖОЛ БЕРГЕН ШЕНЕУНІК ЖАЗАЛАНАДЫ
18:37, 10 желтоқсан 2019
ҚАТЕЛІККЕ ЖОЛ БЕРГЕН ШЕНЕУНІК ЖАЗАЛАНАДЫ
Толығырақ...
ЖАҢА КОЛЛЕДЖ ҒИМАРАТЫ БОЙ КӨТЕРДІ
16:33, 13 желтоқсан 2019
ЖАҢА КОЛЛЕДЖ ҒИМАРАТЫ БОЙ КӨТЕРДІ
Толығырақ...