ШҰҒЫЛ! ОБЛЫС ПРОКУРОРЫ ЖЫЛДЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ Толығырақ

41МЛРД.ТЕҢГЕНІҢ 92 ЖОБАСЫ МАҚҰЛДАНДЫ

17:21, 9 шілде 2019

Бүгінгі Үкімет отырысында «Қарапайым заттар экономикасы» бойынша 92 жоба мақұлданды. Премьер-министрдің орынбасары Жеңіс Қасымбектің мәліметіне сәйкес, қазіргі күні «Қарапайым заттар экономикасы» бойынша 1 трлн теңгеден астам сомада 1,5 мың бизнес-жоба бар.

Бұл –  елдегі барлық әлеуетті қатысушылардың шамамен 30% құрайды. Оның ішінде 41 млрд теңгені қамтыған 92 жоба мақұлданды. Ал 280 млрд теңгеден астам 166 жоба банкте қаралып жатыр. Айта кетейік, осы бағытта Ақмола, Маңғыстау, Павлодар облыстары мен Алматы қаласы белсенді жұмыстар жүргізсе, керсінше Атырау, Қостанай, Батыс Қазақстан облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласы немқұрайлық танытқан.  

 

 ЖЕҢІС ҚАСЫМБЕК, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

- Тек соңғы айда мақұлданған жобалар саны екі есеге артты. Негізгі несиеленген жобалар азық-түлік өнімдерін (6,6 млрд теңге), қызметтерді (11,1 млрд теңге), агроөнеркәсіптік кешенін (4,2 млрд теңге) және жеңіл өнеркәсіпті (2,7 млрд теңге). Мақұлданған 92 жобаның 29-ы жаңа өндірістерді құруды, 63-і қолданыстағы өндірісті кеңейтуді көздейді. Аталған жобаларды іске асыру шамамен 2 мың жұмыс орнын құрып, салық түсімін 6,6 теңгеге ұлғайтады. 

Тақырып бойынша материалдар

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ
18:48, 6 желтоқсан 2019
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘРДЕМАҚЫНЫҢ ЖАҢА ТҮРІ ТАҒАЙЫНДАЛАДЫ
13:10, 4 желтоқсан 2019
МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘРДЕМАҚЫНЫҢ ЖАҢА ТҮРІ ТАҒАЙЫНДАЛАДЫ
Толығырақ...