ШҰҒЫЛ! ҚҰРБАН АЙТ НАМАЗЫ ОҚЫЛМАЙДЫ Толығырақ

42 500 ТЕҢГЕГЕ ӨТІНІШТЕР 1-ҚЫРКҮЙЕККЕ ДЕЙІН ҚАБЫЛДАНАДЫ

15:36, 29 шілде 2020

Төтенше жағдай кезінде жұмыссыз қалған азаматтарға қолдау көрсету ретінде берілетін 42500 теңгені алу үшін өтініштер 1-қыркүйекке дейін қабылданады. Бірақ ол тек бір айға ғана беріледі. Сондықтан электронды үкімет порталында тіркелуге уақыт бар. Ал, қызметкерлерін жалақысыз демалысқа жіберген мекемелер, өтінішті өздері жазуға міндетті.

 

Наурыз айында Президенттің шыққан жарғысы бойынша төтенше жағдай кезінде қиындық тартқан азаматтарға ең төменгі жалақы мөлшерінде көмек берілді. Наурыз- сәуір айында берілген 42500теңге көмекті Түркістан облысынан 544 мың азамат алған.  Алған қаржының жалпы көлемі 23 млрд теңгені құрайды. Президентіміз шілде айына да осындай көмек беруге шешім шығарды. Оны мына санаттағы азаматтар алады.

Әсия Темірбаева- Түркістан облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы 

жалақы сақталмайтын еңбек демалысы кезіндегі қызметкерлер; 2) даракәсіпкерлер; 3) жеке практикамен айналысатын адамдар;4) нысанасы жұмыстарды орындау болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын жеке тұлғалар; 5) бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғалар.

Ал, зейнеткерлер мен студенттер, мүгедектер мен декреттік демалыстағы әйелдер бұл көмекті ала алмайды. Шілде айына берілетін көмекке облысымыз бойынша 298 мыңдай азамат өтініш берген . Оның 260 мыңдай тиісті көмекке қол жеткізді. Ал, қызметкерлері жалақысы сақталмайтын демалысқа жіберілген болса, жұмыс беруші өтінішті өзі беруі тиіс.

Әсия Темірбаева- Түркістан облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы 

Жұмыс берушілер тарапынан өз жұмыскерлерінің тізбесін өз жұмыс беру аясында жұмыс жасайтын жұмыскерлерге қарасты өтінішті тікелей жұмыс беруші бере алады. Осы бойынша бүгінгі таңда 16 ауданда арнайы штаб құрылған.  

Жұмыс беруші  көрсетілген төлемді тағайындау қағидаларының талаптарын сақтамаған жағдайда, қызметкер жергілікті еңбек инспекциясына шағымдануына болады.

Н.Кенжехан                

 

Тақырып бойынша материалдар

ОНЛАЙН ҚҰРБАН ШАЛУ ШАРАСЫ ҚАНДАЙ ДЕҢГЕЙДЕ ӨТТІ?
18:47, 4 тамыз 2020
ОНЛАЙН ҚҰРБАН ШАЛУ ШАРАСЫ ҚАНДАЙ ДЕҢГЕЙДЕ ӨТТІ?
Толығырақ...
100 МЫҢНАН АСТАМ АЗАМАТТАН COVID-19-ҒА СЫНАМА АЛЫНҒАН
18:34, 4 тамыз 2020
100 МЫҢНАН АСТАМ АЗАМАТТАН COVID-19-ҒА СЫНАМА АЛЫНҒАН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

42 500 ТЕҢГЕГЕ ӨТІНІШТЕР 1-ҚЫРКҮЙЕККЕ ДЕЙІН ҚАБЫЛДАНАДЫ
15:36, 29 шілде 2020
42 500 ТЕҢГЕГЕ ӨТІНІШТЕР 1-ҚЫРКҮЙЕККЕ ДЕЙІН ҚАБЫЛДАНАДЫ
Толығырақ...
ЖАҢАШЫЛДЫҚ -  ЖАҢА  НӘТИЖЕЛЕРГЕ ЖЕТКІЗУДЕ
15:04, 29 шілде 2020
ЖАҢАШЫЛДЫҚ - ЖАҢА НӘТИЖЕЛЕРГЕ ЖЕТКІЗУДЕ
Толығырақ...