ШҰҒЫЛ! Әлдекімдер бір топ халықты әлеуметтік желі арқылы оңдырмай алдады Толығырақ

45 балабақшадан озаты қайсы?!

17:06, 20 сәуір 2017

Шымкенттегі 45 балабақша ұжымы мен бүлдіршіндері қатысқан «Ана тілі және отбасы» байқауы өз мәресіне жетті. Бір жарым айға созылған жарыста қазақ тілі мен салт-дәстүрі кеңінен насихатталды. Бұл байқаудың ұйымдастырылуына қалалық тілдерді оқыту орталығы мұрындық болды

Қарамыз, ақпыз, сарымыз, қазақша сөйлейміз бәріміз. Асық ойнап, асыр салған мына балалардың түрі бөлек болғанмен, тілі бір. Ұлты бөлек болғанмен, қосыла салған жыры бір. Сайыс шарты бойынша өзге этнос балаларын топқа қосса, берілер баға жоғарылайды. Байқаудың басты мақсаты да осы тәрбие тал бесіктен , – деп, бүлдіршіндердің бойына мемлекеттік тілді сіңіру.

Нұрила Жұманова – Шымкент қалалық тілдерді оқыту орталығының директоры

Әр балабақшадан іріктеліп шыққан топтар 5 шарт бойынша бақ сынасты. Ертегі айтудан ерекшеленіп, тыйым сөздер арқылы тәрбие тағылым көрсетті. Салт-дәстүр, мақал-мәтел айтудан жарысып, «Өнерліге өріс кең» атты сында ән-жыр, биден үздіктер анықталды.

Ақжібек Боранбайқызы – №59  «Айша Бибі» бөбекжай-балабақшаның қызметкері

45 мектепке дейінгі білім беру мекемесі арасынан 12  балабақша жүлдегерлер қатарына ілінді. Жүзден жүйрік шыққан топ №57 «Хадиша» балабақшасы бас жүлдеге лайық деп танылды. Салт-дәстүрді насихаттауы өз алдына, бұл топтың әні де көрерменге ерекше әсер етті.

Гүлмира Диханбайқызы – №57 «Хадиша» балабақшасының өкілі

Дәстүрлі байқаудың  жыл сайын бағасы артып келеді. Қатысушылар қатары да  едәуір көбейген.  Тіліміз бен дәстүрімізді кеңінен насихаттайтын жарыс көптің көңілінен шықты.         

КЕНЖЕХАН Дүйсенбі

Тақырып бойынша материалдар

Білім - адами капитал сапасын арттырудың бастауы
18:04, 17 қазан 2017
Білім - адами капитал сапасын арттырудың бастауы
Толығырақ...
Жұмысқа қоғамдық көлікпен қатынап жүрген Шымкенттің әкімі алған әсерімен бөлісті
17:55, 17 қазан 2017
Жұмысқа қоғамдық көлікпен қатынап жүрген Шымкенттің әкімі ал...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Шымкенттің 50 тарта кәсіпкері Германияда білімін жетілдірмек
17:38, 12 қазан 2017
Шымкенттің 50 тарта кәсіпкері Германияда білімін жетілдірмек
Толығырақ...